Сәрсенбі, 13 мамыр, 10:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 (2247)
13.05.2026
PDF мұрағаты

Ұлттық банк Алтын орда құрметіне монета шығарады

13.05.2026

112 0

Фото: Ұлттық банк

Ұлттық банк  «ALTYN ORDA» коллекциялық монетасын айналымға шығарады. Аверсіне Бату хан бейнеленген тиын «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясымен жарық көреді, – деп хабарлайды  kursiv.media

Алтын жалатылған күміс монета

Банк мәліметінше, алтын жалатылған монета 925 сынамалы күмістен тұрады. Массасы 62,2 грамм, диаметрі 50 мм. Дайындау сапасы – «proof». Номиналы 2 000 теңгелік. Таралымы – 1 мың дана.

Монетаның нақты қашан сатыла бастайтыны қосымша хабарланады.

Тарихы

Алтын Орда – XIII-XV ғасырларда Еуразияның саяси, экономикалық және мәдени дамуына елеулі ықпал еткен аймақтағы ең ірі мемлекеттердің бірі, деп сипаттады Ұлттық банк. Ол Шығыс пен Батыс арасындағы тұрақты сауда байланысын қамтамасыз етіп, Ұлы Жібек жолы бойындағы халықаралық алыс-берістің жандануына, сондай-ақ көпұлтты әрі көпконфессиялы кеңістіктің қалыптасуына негіз болды.

Монетаның аверс жағына қолбасшы суреті бейнеленген. Мемлекеттің негізін Бату хан қалағанын ескерсек, коллекциялық тиында да сол бейнеленген деп топшылауға болады. Алайда ҰБ түсіндірмесінде ол туралы ештеңе жазылмаған.

Алтын Орданың тарихи мұрасы Ұлы даланың мың жылдық өркениет сабақтастығын паш етті, деп баяндады ҰБ.

«Коллекциялық монетаны шығара отырып сол дәуірді зерделеу тарихи жадыны сақтауға, мәдени мұраны насихаттауға және мемлекеттілік жолындағы маңызды кезеңдерді дәріптеуге бағытталған», – деп таратты реттеуші банк. 

Бұл мемлекет Қазіргі Қазақстан аумағын қоса алғанда, Еуразия мемлекеттілігі мен халықтарының мәдени бірегейлігін айқындауда маңызды орын алды. Бұл дәуір қала мәдениетінің, қолөнердің, ақша жүйесі мен дипломатиялық қатынастардың қарқынды дамуымен сипатталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: