Сәрсенбі, 24 сәуiр, 23:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Токио Олимпиадасы: Левит нокаутқа түсіп қалды

27.07.2021

860 0

91 келі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек өте тартысты басталды. Бірінші раунд испаниялық боксшы Эммануэль Рейестің пайдасына шешілді. Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Василий Левит алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

91 келі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек өте тартысты басталды. Бірінші раунд испаниялық боксшы Эммануэль Рейестің пайдасына шешілді. Ал екінші раундтың басында Левит қарсыластың сериялық соққысынан кейін нокаутқа түсіп қалды. Бірақ аяғына тұрды. Төреші оның теңселіп тұрғанын көріп, жекпе-жекті тоқтатты.

Левит Рио Олимпиадасында күміс жүлдені жеңіп алған болатын. 

Токио Олимпиадасында бұған дейін Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі) мен Сәкен Бибосынов (52 келі) алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізген еді. Ал Абылайхан Жүсіпов (69 келі) америкалық боксшыдан жеңілді.

Одан бөлек, Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) бар. Ал әйелдер арасындағы бокста ел намысын жалғыз Надежда Рябец (75 келі) қана қорғайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: