Бейсенбі, 25 сәуiр, 14:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Токио Олимпиадасы: Ольга Рыпакова финалға шыға алмады

30.07.2021

978 0

2012 жылғы Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың үздік көрсеткіші 13 метр 69 сантиметр болды.
Токио Олимпидасында үш қарғып секіруден іріктеу сайыстары өтті. Оған үш қазақстандық спортшы қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ережеге сәйкес, 34 атлеттің ішінен 14 метр 40 сантиметрден артық секірген немесе үздік көрсеткішке ие болған 12 спортшы ғана финалға өтеді. Әрбір атлетке үш рет секіруге мүмкіндік беріледі. Соның ішінен үздік көрсеткіш алынады.
Іріктеуге үш қазақстандық спортшы қатысты. Олар – Ольга Рыпакова, Мария Овчинникова және Ирина Эктова. Соңғы екі атлетіміз 13,34 метр және 12,90 метрге секірді. Ал 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың үздік көрсеткіші – 13 метр 69 сантиметр. Осылайша, үшеуі де финалға өте алмады.
Айта кетейік, 2012 жылы Лондон Олимпиадасында Ольга Рыпакова 14 метр 98 сантиметрге секіріп, алтын медаль жеңіп алған болатын. Ал 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, 14 метр 74 сантиметрмен қола жүлдеге қол жеткізген. Сол кезде колумбиялық Катерин Ибаргуэн алтын алып кетті. Ол 15,17 метрге секірді. Ал Венесуэладан келген 20 жастағы Юлимар Рохас 14,98 метрді еңсерді. Осы екі спортшы Токио Олимпиадасына да келді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: