Бейсенбі, 25 сәуiр, 21:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Токио Олимпиадасына бөлінген бюджет қаражатына аудит жүргізіліп жатыр

12.10.2021

1424 0

Қазақстанның Есеп комитеті Токиода өткен Олимпиада ойындарына дайындыққа бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін тексереді.

«Қазіргі уақытта мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Есеп комитеті Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарына дайындыққа бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізіп жатыр», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Бұған дейін 2020 жылы Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті мемлекеттен 10 миллиард теңгеден астам қаржы алғаны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, Токио-2020 Олимпиадасына Қазақстаннан 96 спортшы барған. Бұл ойындарда республика құрамасы 8 қола медаль жеңіп алды.

1996-2021 жылдар аралығында қазақстандықтар барлығы 72 медаль жеңіп алды: 15 алтын, 21 күміс және 36 қола. Биылғы нәтиже – сегіз қола медаль ел тарихындағы ең нашар көрсеткіш болды.

Тамызда Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков қазақстандық спортшылардың Токио Олимпиадасында сәтсіз өнер көрсетуіне қатысты пікір білдірді. ҰОК келесі ойындарға дейін қателіктерді түзетуге уәде берді.

Айта кетері, Токио Олимпиадасында көзге түскен қазақстандық спортшылар мен олардың бапкерлері жалпы сомасы 577 миллион теңге немесе 1,3 миллион доллар көлемінде сыйақы алады.

Спутник Жаңалықтары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: