Бейсенбі, 23 қыркүйек, 13:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№77 (1777)
21.09.2021
PDF мұрағаты

XXXII Жазғы Олимпиада ойындары тікелей эфирде көрсетіледі

23.07.2021

505 0

XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты жапониялық «Dentsu Inc.» компаниясымен келіссөздердің нәтижелі аяқталғанын хабарлаймыз.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігі» АҚ ел аумағында Токио Олимпиадасын және 2022 жылғы Пекинде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын көрсету құқығын иеленді. Келісімшарт қорытындысы бойынша трансляция құнын қолайлы бағада сатып алу туралы ортақ мәмілеге қол жеткізілді.

Қазақстандықтар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарын «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 27 түрі бойынша 97 лицензия бар. Телеарналардағы олимпиадалық жарыстар кестесі қосымша жарияланады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: