Бейсенбі, 25 сәуiр, 12:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жас спортшылар марапатталды

05.12.2020

1428 0

Қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов Белкөл кентіндегі спорттық сауықтыру кешеніне барып, жас спортшылармен кездесті.

Кездесуде Асқарбек Темірбекұлы жасөспірім­дерге кәмелетке толмағандардың құқықтарын, оның ішінде қыл­мыстық құқық бұзушылықтардан қорғау ел саясатының басым бағыттарының бірі екенін айтты.

Шара барысында психолог мамандар жастарға кеңес берді. Кездесуде шаһар басшысының орынбасары Грузия астанасы Тбилисиде онлайн форматта каратэ-додан Ката көрсету бойынша өткен Әлем кубогында жүлделі болған сортшыларды марапаттады. Халықаралық жарыста спорттық шеберліктерімен дараланған жасөспірімдерге жарыс қорытындысына сай  сертификат беріліп, спортшыларды ынталандыру мақсатында қала әкімінің қолдауымен каратэ-доға арналған қорғаныс құралдары табысталды.

Қараша айының 20-сы мен 22-сі аралығында әлемнің үздіктері шеберлік сынасқан Грузиядағы бәйгеде жас спортшылардың 3-і алтын медаль иеленсе, 4 жасөспірім күміс медальді қанжығасына байлады. Ал 8 жасөспірім әлем кубогінде үздік үштікті түйіндеп, аймақ абыройын асырған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: