Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 09:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

17 маусымға арналған жұлдыз жорамал

17.06.2024

625 0

Сурет:7дней.ру

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құрып, жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Тоқты

Бүгін қарым-қатынаста үйлесім орнап, бос уақытыңыздың көп бөлігін үйде отбасымен бірге өткізіп, жақындарыңызға көңіл бөліңіз.

Торпақ

Өміріңізді өзгертетін түрлі тосын сыйға дайын болыңыз. Бұл күн сіз үшін ерекше болмақ.

Егіздер

Жұмыс кезінде ұсық-түйекке мұқият болыңыз және оқып, таныспаған құжаттарға қол қоймаңыз.

Жаңа адамдармен танысуға және бұрыннан бар байланыстарды нығайтуға қолайлы мүмкіндік.

Шаян

Жеке өміріңізде жағымды және шабыттандыратын қарым-қатынастар күтіп тұр.

Арыстан

Қызмет барысында топтық жұмысқа көңіл бөліңіз. Көшбасшылық амбицияны ысыра тұрып, айналаңыздағы адамдардың пікірімен санасуды үйреніңіз. Сонда сіз о баста күткеннен де мол табысқа кенелесіз.

Бикеш

Күш-қуатыңызды жанжал мен әңгімеге сарп етпей, денсаулығыңызды жақсартуға көңіл бөліңіз. Қарым-қатынас пен некеде тұрақтылық орнайды.

Таразылар

Қызметтегі мәселелерді шешу үшін әріптестеріңізге сенім артыңыз.

Отбасында сенім мен сыйластық артып, көптеген мереке болады.

Сарышаян

Стрессті жеңілдетіп, күш-қуатты қалпына келтіріп, денсаулықты жақсарту үшін табиғатқа жақын болыңыз. Жаңа адаммен танысқанда мұқият болыңыз және сізді шынымен жақсы көретіндерге қамқорлық танытыңыз.

Мерген

Бұрынғы әріптестер және серіктестер оралып, бірлесіп бизнес ашуға немесе татуласуға ұсыныс жасайды. 

Жақындарыңызға деген өкпе-ренішті ұмытып, ренжіскен адамдарыңызбен татуласыңыз.

Тауешкі

Көңіліңіз қаламайтын жұмысты тастап, демалып, жаңа жұмыс іздейтін уақыт жетті. Бұл өзіңізді басқа қырынан көрсетуге қолайлы мүмкіндік.

Суқұйғыш

Күніңіз жеңіл әрі жағымды басталмақ. Бастаған әрбір ісіңіз оң шешімін табады.

Бүгін жақындарыңызбен сырласып, оларға көңіл бөліңіз. Кез-келген мәселеде сізге сенім артуға болатынын көрсетіңіз.

Балық

Уақытыңыздың көп бөлігін жұмыста емес, үйде отбасымен бірге өткізіңіз. Жақын адамдарыңызға көбірек уақыт пен көңіл бөліңіз. Үйдің айналасын көркейтіп, отбасылық мерекелерді жоспарлаңыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: