Дүйсенбі, 06 мамыр, 22:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Бала жүрегі – кішкентай күйсандық

17.06.2023

684 0

«Бала жүрегі – кішкентай күйсандық, сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашы­лады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұруы керек» деп Мұхтар Шаханов айтқандай, бала бойындағы дарынды ашу кез келген адамның қолынан келмейтін іс, ол тек мұғалімнің ғана қолынан келеді деп ойлаймын. Осындай ұстаздың бірі де бірегейі деп менің қолыма домбыраны алғаш ұстатып, киелі домбыраға оның ішінде қазақтың күйіне деген махаббатымды оятқан Дәулет ағайымды айтар едім. Дәулет Дәуренбекұлы әр баламен тығыз қарым-қатынас орнатып, оның жан дүниесіне үңіліп, зерттеу жүргізу арқылы бойын­дағы қабілетін ашуда талмай еңбек етіп келеді. Домбыра аспабын жақсы меңгеру үшін төзімділік, шыдамдылық, табандылық және ең бастысы еңбекшіл, талантты, шыдамды бола білуі тиіс екендігін әркез санамызға құюдан жалыққан емес. Болашақта талмай еңбек етіп қазақтың күйін киелі домбырамен әлем сахнасында әуелетсем деген үлкен арманым бар.Осы арманыма жеткенде ғана ұстаз еңбегі ақталады деп санаймын.

Абылай Болатұлы,

№278 ІТ мектеп-лицейінің 8 «А» сынып оқушысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: