Бейсенбі, 28 наурыз, 17:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 10 мамыр күні сізді не күтіп тұр?

10.05.2023

762 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Жақында ұрысып қалсаңыз да, сүйіктіңізбен татуласу үшін батылдық танытыңыз. Проблемаға көміліп қалмай тұрғанда, серіктесіңізбен ашық сөйлесіңіз. Жұмысқа бар күшіңізді салсаңыз, алдағы айларда мансап бойынша жоғарылау мүмкіндігі туады.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін достарыңызға ұсақ-түйекке бола шағымданып, мазасын алмаңыз. Олардың өміріндегі қиындықтар сіздікінен анағұрлым күрделі болуы мүмкін. Үйіңіздегі ескі шамдарды заманауи, энергияны үнемдейтін шамдармен ауыстырыңыз: бұл сіздің бюджетіңіз үшін шағын, бірақ пайдалы инвестиция болмақ.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін барлық жұмысыңыз өрге жүзеді, бұл мүмкіндікті пайдаланып, күнді барынша тиімді өткізіңіз. Сақ болыңыз және заттарды өз орнына қойыңыз: бүгін кілтіңізді немесе басқа да маңызды ұсақ-түйектерді жоғалтып алуыңыз мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Күн жарқын эмоцияларға толы болмақ. Күннің бірінші жартысы қолайлы: көп іс бітіресіз, барлық жоспарыңызды орындайсыз. Басқаларға көңіл бөліңіз: көмектесіңіз, тілектерін тыңдаңыз, олардың өміріне қызығушылық танытыңыз. Жеке қарым-қатынаста эмоцияларға бой алдырмаңыз. Әйтпесе сіз өзіңіздің сүйікті адамыңызды ренжітесіз. Ашуыңызды құмарлыққа жеңдіріп, ұмытылмас сәттерді өзіңіз жасаңыз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Жүйкеңізді тыныштандыру үшін ұйықтар алдында жылы ванна қабылдаңыз. Басыңызға массаж жасаңыз. Үйіңізді маусымдық декормен сәндеп көрмеген болсаңыз, байқап көруге болады. Бұл сізге және отбасыңызға мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Егер сіз ұзақ уақыт бойы дәрігерге баруды кейінге шегеріп жүрсеңіз, бұл оны бұдан былай кейінге қалдыруға болмайтындығының белгісі. Өз денсаулығыңызды күтіңіз. Жақындарыңыз да сіздің жеке шекараңыздан аттамауы керек. Осыны ұмытпаңыз және өзіңіз де өзгенің шекарасын бұзбаңыз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Бүгін қарым-қатынастың бастапқы кезеңінде жүрген адамдар үшін сақ болған дұрыс. Таңдаған адамыңыз сеніміңізді ақтамауы мүмкін. Өз шекараңызды өзіңіз қорғап қалыңыз. Кешті жақындарыңызбен әңгіме-дүкен құруға, телешоулар мен шай ішуге арнаңыз. Әңгімелесу барысында маңызды дүниелерді талқылаудан аулақ болыңыз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Қаржылық мәслелерге баса мән беріңіз, өзіңіз үшін тиімді сауда жасау мүмкіндігі туындайды. Бұл күнгі барлық сапар сәтті өтеді. Бүгін денсаулығыңызға уақыт бөліңіз. Егер сізде аурудың белгілері болса, дәрігеріңізбен кездесуге жазылыңыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін шыдамды болуға тырысыңыз: серіктесіңізбен тіл табысып, барынша сабырлы болуға тура келеді. Жақын адамдарыңызды сізге көмектесуге мәжбүрлемеңіз. Олар көмектесуден бас тартса, ренжімеңіз.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Қарбалас күн болады. Өзіңіздің ғана емес, басқалардың да көптеген мәселесін шешесіз. Ешкімге көмектесуден бас тартпауға тырысыңыз. Жаңа одақтастар пайда болады, олардың ішінде ықпалдылары да бар. Сәттілікке толы күн. Қолыңыздан келмей жүрген шаруаларды еске түсіріп, тағы бір байқап көріңіз, осы жолы бәрі ойыңыздағыдай болады. Жылжымайтын мүлік және жөндеу жүргізу мәселелерін қолға алыңыз, бәрі жақсы болады.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Балаларыңыздың сырт келбетін еш уақытта сынамаңыз. Жақсы болсын десеңіз де, өз ойыңызды ішіңізде қалдырыңыз. Бұл есейген кезде баланың өзін-өзі бағалауына қатты әсер етуі мүмкін. Денсаулығыңыз жаман емес, бірақ кешке ерте жатуға тырысыңыз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Сіз басқалардың көңіл-күйі мен сезімдеріне ерекше сезімталдық танытасыз. Осының арқасында сіз кез келген адаммен жеңіл тіл табысып, достарыңызбен арадағы жанжалды шешуге көмектесе аласыз. Блогерлер жарнамалаған жаңа тері күтімі косметикасын сатып алмас бұрын, интернетте ол туралы пікірлерді оқыңыз. Бұл косметиканың ешқандай әсерінің болмауы мүмкін және сіз сатып алғаныңызға өкініп қалуыңыз ықтимал.

Дереккөз: Нұр.кз

Сурет: Pixabay

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: