Бейсенбі, 28 наурыз, 14:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 17 наурыз күні сізді не күтіп тұр?

17.03.2023

760 0

Сурет: pixabay.com

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Алғашқы көмек жинағында сізге қажет нәрсенің бар-жоғын тексеріңіз. Бірінші кезекте қажетті дәрі-дәрмек пен созылмалы ауруларға қосымша дәрі-дәрмектерді сатып алыңыз. Балаларға отбасындағы қарым-қатынастың қандай болатынын көрсету маңызды. Ата-ана арасындағы қатынас сыйластыққа негізделген әрі жылы болса, онда бала да осындай ортаны іздейтін болады. Балалардың көзінше қатты айғайлап, дауыс көтермеуге тырысыңыз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Өзіңізге қамқорлық жасаңыз және жаңалықтарды оқудан аз уақыт болса да бас тартыңыз. Жақындарыңызбен жанжалдаспауға тырысыңыз. Жағымсыз салдары болуы ғажап емес.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Бүгін өзіңізге көп көңіл бөліңіз. Кешкі асқа десерт дайындаңыз, диетаны бұзудан қорықпаңыз. Достарыңыздың жеңістерін қызғанбаңыз. Олардың жетістіктері арқылы шабыттанып, тәжірибеден сабақ алыңыз, сонда сәттілік сізге серік болады.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін психикалық мәселелеріңізді өз бетіңізше шешуге тырысыңыз: сіз тым сезімталсыз, ал достарыңыз сізге қажетті деңгейде қолдау көрсете алмайды, қолдау төмен болса, сізге пайдасы шамалы. Бүгін сізге басқалармен ортақ тіл табу қиын болады. Олар мінеп, наразылық танытатын сияқты. Эмоцияларыңыздың сыртқа шығуына жол бермеңіз. Сабырлы болыңыз, қобалжымаңыз, әйтпесе сіз істеріңізге дұрыстап зейін қоя алмайсыз және көп қателіктерге жол беруіңіз мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін ұзақ уақыт араласпаған досыңызға қоңырау шалу үшін тамаша күн, сөйлеспей кеткеніңізге қысылудың қажеті жоқ. Қарым-қатынасты жаңартуға мүмкіндік бар. Сіз қиындықтарға тап боласыз, бірақ оларды абыроймен жеңе аласыз. Достар көмектеседі. Қателіктерді болдырмау үшін олардың кеңестерін тыңдаңыз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Ұйқыңызды қандырыңыз, ванна қабылдаңыз, табиғатта таңғы ас ішіңіз, тынығып, серуендеңіз. Бүгінгі оқиғалардың басым бөлігі ойлағаныңыздан асып түседі және жақсы көңіл-күй сыйлайды. Сәттілік серігіңз болады, сондықтан бұл уақытты пайдаланып, маңызды мәселелерді шешіңіз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Отбасыңызда жақын арада жақсы оқиға орын алады. Бұл жақсы оқиға жақындарыңыздың жетістігіне байланысты болуы да мүмкін. Сондықтан дайындалыңыз. Бүгін екінші жартыңызбен ойда-жоқта кездесу өткізуге арналған таптырмас күн. Әлі бармаған мейрамханаға барып, ерекше орындарды іздеп көріңіз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Шабытқа ерік беріңіз – қолөнерді үйреніңіз (кесте тігу, тоқу, мүсіндеу). Өзіңіздің екінші жартыңызға қаншалықты риза екеніңізді айтып қойыңыз. Еш қысылмаңыз, ол бұған мұқтаж.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Қарбалас күн болады. Өзіңіздің ғана емес, басқалардың да көптеген мәселесін шешесіз. Ешкімге көмектесуден бас тартпауға тырысыңыз. Жаңа одақтастар пайда болады, олардың ішінде ықпалдылары да бар. Пайдалы іспен айналыссаңыз, жан дүниеңіздегі үйлесім арта түседі.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Эмоцияларды көрсету қалыпты және дұрыс, бұл туралы отбасыңызбен сөйлесіңіз. Жаңа достар табу еш уақытта кеш емес. Қандай да бір себеппен достарыңыз азайып қалса, танысу сайттарынан жаңа таныс тауып, дос болып кетуіңіз әбден мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Қарым-қатынаста жаңа деңгейге өту мүмкіндігі бар: бастаманы өз қолыңызға алыңыз, бірақ серіктесіңізге қысым жасамаңыз. Сәттілік серігіңіз болады. Сізде барлығы жақсы, сондықтан мақсаттарыңызға назар аударыңыз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Жақын достарыңыздың өмірінде өзгерістер болып жатыр. Сол үшін өз өміріңіздегі кей жайттарды өзгертуге тура келуде. Бұл адамдардың кейбірімен еш ойланбастан байланысты үзгеніңіз абзал. Бүгін жалғызбасты адамдар өз махаббатын кездестіретін күн: үйге бара жатқанда, көшеде немесе көлікте танысу туралы өтініштерден бас тартпаңыз.

Дереккөз: Нұр.кз

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: