Сәрсенбі, 13 қараша, 14:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Департамент қызмет алушылардың құқығын қалпына келтіруде

26.06.2024

275 0

Сурет :2019-qod.com

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті халыққа сапалы әрі қолайлы қызмет көрсету және сервистік процесстерді жетілдіру мен қызмет алушылардың бұзылған құқығын қалпына келтіру жұмыстарын ұдайы түрде жүргізеді.

Бұл ретте басты ұстаным – әрбір қызмет алушыға сапалы көмек көрсетіп, заң аясында іс-қимыл жасау. Департамент тарапынан қызмет алушылардың құқығын қалпына келтіру сәтті жүзеге асуда.

Мәселен, Департаментке мемлекеттік қызмет көрсетуден бірнеше рет негізсіз бас тарту фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлеріне қатысты «Тасберген баба» бөбекжай-балабақшасы мекемесінен шағым түсті.

Аталған шағымды зерделеу аясында Департамент тарапынан жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде, Басқарма қызметкерлерінің іс-әрекеттерінде «Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының талаптарын бұзу анықталды.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру әкімшілік жауапкершілік көзделген екінші санаттағы рұқсат құжаты болып табылады.

Осыған орай, Басқарма басшысы мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды және бұзушылықтарға жол берген адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы тиісті нұсқама енгізілді.

Бүгінгі таңда шағым иесінің бұзылған құқығы мен заңды мүдделерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Атап өту керек, кәсіби мемлекеттік аппараттың тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіші – мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі мерзімінде көрсету және қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына тікелей байланысты.

Сондықтан да департамент мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының сақталуына ықпал жасап, заң шеңберінде көзделген міндеттерді орындауға әрдайым мүдделі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: