Сенбі, 20 сәуiр, 04:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Психологтан кеңес: стресстен арылу тәсілдері

03.03.2021

3624 0

1. Тарақ Күні бойы манитордың алдында отырғанда мимикалық бұлшықеттер тырысады да, бас ауыр тартып, ауыра бастайды. Стрестен арылудың бір тәсілі – 15-20 минут бойы шаш тарау. Бұл қанның жүруіне әсер етеді, бұлшықеттерді босатады. 2. Балмұздақ жеу. Тәтті тамақ – стреске қарсы ең жақся допинг. Жақсы көңіл-күйді сақтауға, стрестен арылтуға майлы балық та жақсы көмектеседі. Оның құрамындағы Омега-3 жүйке жүйесіне пайдалы. Балықты жақсы көрмесеңіз, балмұздақ немесе банан жеңіз. Бұлар антидепрессанттан кем түспейді. 3. Массаж. Энергияны сақтау үшін мұрынның астындағы, қастың ортасындағы, еріннің астындағы алақанның ортасындағы нүктелерді 30 секунд уқалаңыз. 4.Алақаныңызды ысқылаңыз Стрестен құтылудың тағы бір қарапайым тәсілі. Алақандарыңыз ыстық болғанша бар күшіңізбен бір-біріне ысқылаңыз. Сол сияқты құлақты да ысқылауға болады. Бұл сізді сергітеді, жұмысқа ынтаңызды арттырады. 5.Жанжал мен стресті жуу Негативтен құтылғыңыз келсе, 15 минуттай душ қабылдаңыз. Ағып тұрған жылы судың астында тұрыңыз. Судың сізге қажет емес нәрселерді шайып кеткенін сезінесіз. 6.27 зат Шығыстың психологтары «қайғы-мұңнан арылғың келсе, үйдегі 27 затты орнынан қозға» дейді. Сол кезде энергияның емін-еркін жүруіне кеңістік ашылады. Осыны жасап көрсеңіз, миыңыз да басқаша қозғала бастайды. 7.Баспалдақ 30 секунд бойы жоғары-төмен жүгіріңіз. Бұл мидың эмоцияны басқаратын бөлігіне оттегінің баруын тездетеді. 8.Бояулар Психологтардың айтуынша, стресс кезінде кез-келген суретті боясаңыз,

жұмысты 5 есе тез аяқтайсыз. Бұл арқылы сіз стрестен арылып қана қоймайсыз, керемет шедевр жасап шығуыңыз да мүмкін. 9.Гибискус қосылған шай Адам бойында радикалдар жиналып қалғанда, қорқыныш сезімі бой көтеріп, үрей билейді. Гибискус радикалдарды ерітеді, стресті кетіреді, сергектік сыйлайды.

10. Қолыңызды сермеңіз

Көп адамда стресс қозғалыссыз отырып, бұлшықеттердің қатып қалуынан да болады. Мойын, арқа, омыртқа құрысып, соның әсерінен бас ауырады. Бұдан арылу үшін массажға немесе бассейнге барыңыз. Жұмыста болсаңыз қарапайым жаттығулар жасаңыз. Қолыңызды айналдырыңыз, бүгіңіз, екі жаққа кезекпен созыңыз.

11. Үй жинаңыз

Заттарды орын-орнына қою ойды реттеуге көмектеседі. Жиналып тұрған сөрелер, шкафтар да бейсаналы түрде адамның ішкі әлемін де тәртіпке келтіреді.

12. Ойлану минуты

Үйде жалғыз қалып, ойыңызды ретке келтіруге мүмкіндік табыңыз. Ұнайтын музыканы қосыңыз, жақсы көретін диваныңызға жайғасыңыз. Нені қатты армандайсыз, соны қағазға жазыңыз. Бұл жоспар сіздің болашақ бағытыңызды айқындауға көмектеседі.

13. Ароматерапия

Иістер эмоциялық еспен тығыз байланыста. Сол үшін ең бақытты, қуанышты сәттердегі иіс қолыңызда болғаны жөн. Соны қайта-қайта иіскеңіз. Көңіл-күйіңіз көтеріледі.

14. Би

Үйде міндетті түрде билеңіз. Әуеннің ритмімен жасалған қимылдар стрестен арылтады. Сонымен қатар би спорттың басқа түрлеріне қарағанда жеңіл әрі көңілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: