Сейсенбі, 19 наурыз, 08:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№22(2032)
16.03.2024
PDF мұрағаты

Сыр төрінде республикалық турнир өтуде

05.03.2021

1365 0

Сыр топырағында күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының               150 жылдық мерейтойына орай қазақша күрестен 2001-2003 жылдары туған жастар арасында республикалық ашық турнир өтуде. Тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған боз кілем бәсекесіне еліміздің барлық облыстары мен Алматы, Шымкент қалалары және қазақ күресінен ұлттық құрама командасының жас балуандары қатысуда.

Турнирдің ашылуында қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов «Жыл сайын еліміздің барлық аймақтарынан жас балуандарымыз Алаштың Ақмешіті атанған Қызылорда қаласында бас қосып, Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы турнир аясында боз кілемге шығып, белдесіп, бақтарын сынайтын. Биыл да дәстүрден жаңылмай балуан атындағы республикалық ашық турнирді  9-шы мәрте өткізудеміз. Мұндағы басты мақсат ұлтымыздың тамыры терең тарихын, ұлттық салт – санамызбен біте қайнасқан «Қазақ күресін» өскелең ұрпаққа насихаттау, осы арқылы олардың бойында ұлттық патриотизмді қалыптастыру» – деп, жас балуандарға сәттілік тіледі.

Балуандар тоғыз салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салып, шеберліктері сынға түсетін дүбірлі дода 3 күнге жоспарланған. Турнирдің алғашқы күнінде боз кілемге шығып, 90 келі салмақта бабы мен бағын байқап көрген Нұрлан Қырғызбек жарыс жеңімпазы атанған. Нұрлан ұлттық құрама сапында байрақты бәсекелерде ел намысын қорғап жүрген балуанның бірі. Қазақ күресінен спорт шебері бүгінгі жарыстағы әсерімен бөлісіп, «Қажымұқан атамыздың турниріне бірінші рет қатыстым.  Ұзақ уақыт карантиннен кейін Сыр еліне келіп алғашқы жарысымда сәтті өнер көрсеттім. Алдағы мақсат әлем біріншіліктерінде топ жару» – деді.

          Жарыстың бірінші күнінде мықтылық байқасып, тұғыр биігіне көтерілген балуандарды қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов, облыстық қазақ күресі федерациясының президенті Рзақұл Нұртаев марапаттады.

Айта кетейік, бұл турнир Ұлттық құрамаға кандидаттарды анықтайтын бірден-бір жарыс. Ішкі біріншілікте іріктелген жастар Ұлттық құрама сапына ілігуге мол мүмкіндік алып, қазақ күресінен Әлем, Азия, Европа чемпионаттарына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Турнир жүлдегерлері сонымен бірге спорт шеберіне үміткер атағын иеленеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: