Жексенбі, 28 сәуiр, 17:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Тағдыр жайлы жазатұғын сөзім көп

17.06.2023

436 0

Тағдыр жайлы жазатұғын сөзім көп,

Сынақтармен жиналатын төзім боп.

Кездейсоқтық дүние ғой дегенің,

Айналады кейде күшті сезім боп.

Өшпейтұғын иманменен өмірің,

Сірә, күндей жарқырайды көңілің.

Шаттығы бар мұңы тағы жетерлік,

Аллам берген жеті қатты мекен қып.

Қыран құстай қалықтайсың көгіңде,

Алдау арбау кірбің етер сенімге.

Сынақ келсе шыдағын, шыдай білгін,

Шаршадым деп құздан құлай төгілме.

Тосын сыйы жетерлік бұл жалғанның,

Шегі барма көкейдегі арманның.

Шын бақытты сезетұғын жүрекке,

Бір-ақ сәтте жара салып, таңған кім?

Әсел Бауыржанқызы Құрманаева,

№144 мектептің

9 «А» сынып  оқушысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: