Сенбі, 20 сәуiр, 12:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Туған күннің мінезге ықпалы

04.03.2021

1461 0

Айдың 1-жұлдызы күні туғандар

Билікке ұмтылғыш болып келеді. Оған күш-қайраты да, ойы да жетеді. Мансапқа жету жолында өзгенің айтқан сақтығын да ескермейді. Шығармашылық ойлау қабілеті өте жоғары. Кез келген жағдайдан шығудың жолын табады. Барға мақтанбайды, жоққа мойымайды. Кейде «бірінші» болу үшін өзгені құрбандыққа шалып жебереді.

2-жұлдызы күні туғандар

Мінездегі ерекшелік – ынтымақтастық. Олар жақсы жар, сыйлас әріптес, сырлас дос болуға икемді. Екінші жақтың пікірімен есептесіп отырады. Бұл құлдық психология емес, бірақ кейде оны түсінбегендер оны өзіне тәуелді еткілері келеді. Өзгенің тапсырамсын өте ыждағатты орындайды, осы мінезінің арқасында өзіне орынтақ жасайды.

3-жұлдызы күні туғандар

Достары көп, көңілділіктің биігінде көп тербеліп жүреді. Олар ортаның тұздығы, олардың төңірегінде адамдар көп жүреді. Табиғатынан тартымды, сүйкімді, өздері де осы жақсы қасиеттерінің арқасында жақсы көрінетіндіктерін біліп, сол арқылы көрінгілері келеді. Олар жан-жақты, көп нәрсені істей алады, бірақ ең негізгісін таңдай алмайды.

4-жұлдызы күні туғандар

Еңбекқор, мықты адамдар. Қоғамдық қарым-қатынастардың барлығының негізін қалаушы. Мақсатқа жетудің қысқа жолын таңдамайды. Жаны тәртіптілікті қалайды. Кез келген мәселені соңына дейін шешуді жақсы көреді. Тәртіпсіздік пен бей-берекетсіздікке жаны қас. Іскер, тапсырманы ақыл мен қисынға салып оңай орындайды., сирек қателеседі. Өте адал, сенімді, айналасындағылардан да соны талап етеді. Әділетсіздікке жаны төзбейді.

5-жұлдызы күні туғандар

Мінезіне – өзгеріп тұру тән. Көп сайахаттағанды ұнатады. Қызығушылығын, өмірге көзқарасын жиі-жиі өзгертіп, іздену үстінде болады. Тұрақсызыдғы да бар. өмірдің барлық қызығын көріп қалғысы келеді. Ойы жүйрік, әзілге шебер. Бірақ кейде осы қабілетін өзгелерді тұқырту үшін пайдаланады. Жұмыс орнында да көп отырмайды.

6-жұлдызы күні туғандар      

          Білімді, адамгершілігі мол, үйге сыймды жан. Қайда жүрседе тыныштық пен үйлесімділікті сақтап отырады. Оны өмір сүрудің өлшемі деп ұғады. Махаббатқа ерекше құрметпен қарайды. Өз отбасына қарым-қатынасын осы негізде құрады. Жақындарының өмірін де жайлы етуге тырысады. Оның көп жауапкершілігін өз мойнына алады.

7-жұлдызы күні туғандар

Ойлауға бейімді. Кез келген нәрсені ұсақ-түйегіне дейін ой елегінен өткізеді, сондықтан ол сырт адамға сылбыр, түсініксіз көрінеді. Өз сезімін сыртқа шығармайды. Өнер «тілін» жақсы түсінеді. Адам қабілеті жетпейтін нәрселердің жауабын жиі іздейді. Философиямен айналысады.

8-жұлдызы күні туғандар

Ақшаға байланысты істері өркендейді. Даңқ пен байлыққа жақын жүреді. Материалдық жағдайы үстем болады. Адамдардың жан-дүниесін түсінеді, оларға қиналған күндері қол ұшын беруге дайар тұрады.

9-жұлдызы күні туғандар

«9» – метафизика мен философияның саны. Сананың жоғары деңгейіндегі адам. Кемеңгер. Саяхаттанғанды ұнатады. Мінезін өзгерістер қалыптастырады. Барлық ұлт пен ұлыстардың әдет-ғұрпын білуге құлшынады. Ел билеушіге тән табандылық пен төзімділікті игерген.

10-жылдызы күні туғандар

Күш-қуаттың қоймасы іспеттес. Ақылды, күшті, шығармашылық қабілеті жоғары. Жолындағы кедергілерді оңай жеңеді. Жеңілістің өзін жеңіске айналдырады. Оны іскерлік қабілеті мен басшылық пайымы үшін ұнатады. Билігін білек күшімен шешуге тырысатын кездері аз емес. Оны сырт көзден жасыруға тырысқанымен, байқалып тұрады.

11-жұлдызы күні туғандар

Идеалист, өте сезімтал, тез жараланғыш жан. Өзі құрметтейтін адамдардың өзін түсінбеуін күйзеліспен қабылдайды. 11-магистрлік сан. Адамдарды өзіне тартып тұрады. 11-жұлдызда туғандардың «жауы» болмайды. Себебі ол өзі өзгелерге тек достық көзқараспен ғана қарайды. Қиын мәселенің шешімін тез табады. Ойы ұшқыр.  Шығармашылық қабілеті жоғары. Өзгені қорғап, өзгені асырауда алдына жан салмайды.

12- жұлдызы күні туғандар

Көпшіл. Көп адам оған еліктейді. Бірақ ол бұған бола өзгелерге мұрнын шүйіріп кетпейді. Әр жақсы көрген сайын бар пейіл ниетімен ұнатады да, бірақ махаббат толқынына мүлде батып кетпейді. 12-жұлдызында туғандар салмақты, дегенмен құдай берген талантын шаша бермей, жинақтап, бір мақсатқа жұмсағаны жөн.

13-жұлдызы күні туғандар

Нағыз жұмыскерлер. Өз жұмысын біліп істейді, тіпті оның айналасындағылардың өзі бұл қабілетіне өте таңданып қарайды. Олар кәсіби сәулетшілер іспеттес, жұмыста болсын, адамдармен қарым-қатынаста болсын қате жібермеуге тырысады. Қай істің болсын негізін дұрыс қалайды. Жоспар бойынша жұмыс істеп, оның игілігін көреді.

14-жұлдызы күні туғандар

Ерекше сөйлеу қабілеті мен шығармашылық талантқа бай. Сезімтал. Адамгершілік қасиеті мол. Өз көзқарасын өзгеге дәйектеп дәлелдей алады. Ісі нәтижелі болады. Ол әңгіме айтқанда оның шынайылығына ешкім шәк келтіре алмайды. Тосын оқиғалардын, тосын құбылыстардан қорықпайды.

15-жұлдызы күні туғандар

Мейірімді, өзгегежаны ашығыш. Өзгеге жаны ашып жүріп, өзі де көп қиыншылықтарға тап болады. Өмірдің ауырпалығын көтеріп жүргенімен ешкімге шағынбайды. Үйін, отбасын ойлайды. Оның барлық әрекет ісіне махаббат басшылық жасайды. Білім алуға, оқуға ұмтылысы мол. Ол көпшіліктің мейіріміне бөленеді. Балалармен бірге ойнағанды, бірге жүргенді жанындай жақсы көреді. 

16-жұлдызы күні туғандар

Жақындарынан бөлінгісі келмейді. Тіпті етене таныс емес адамдар да оны төңіректеп жүреді. Өзі өте қарапайым. Ұлы адамдарға тән ақыл-ойға ие. Жалпыға бірдей ұғымды нәрсе ол үшін қызықсыз, мәнсіз. Ол үшін ең маңызды нәрсе – білім. Өзін-өзі сынауға, талдауға бейім. Өзінің тоқырауына жол бермейді.

17- жұлдызы күні туғандар

Оның өнертапқыштығы өмірдегі қажетін табуына көп көмектеседі. Ойының жүзеге асуына көп күш салады. Оның мүмкіндігі шексіз. Қызығушылығы мол. Еті тірі. Мұның бәрі оның танымал болуына негіз қалайды, алға жүруіне ықпал етеді. Өзімен-өзі болғанды қалайды, ондайда өз ісіне өзі риза болып, тіпті мақтанатындығын да жасыра алмайды, өзіне өзі сенімді.

18- жұлдызы күні туғандар

Кез келген адамды қай ісінен болсын екі орап кететін жандар. Жан-жақты, ерекше қабілетті. Кез келген ойын жүзеге асыра алады. Оның ой-өрісі бәрін түсінуге мүмкіндік береді. Өз талантын табысты жұмыстарға жұмсайды. Қолға алғанісін өзі өте жеңіл орындайтындықтан, өзгелердің былжырап жүретіндігіне жыны келеді. Соңынан адамдарды ерте алады.

19- жұлдызы күні туғандар

Ойламаған жерден отырған орындарынан тұрып кететін адамдар. Олар өзгенің ойын жүзеге асыруда алдарына жан салмайды. Өз жұмысын бүге-шегесіне дейін біледі, кез келген істі жалғастырып кете алады. Үйде жұбайының жоқтығын білдірмейді. Нақты ойлауға дағдыланған. Әр мәселені терең түсінуге тырысады да, оған баға бергенде көп қиналмайды. Біреуді жақсы көрсе жан-тәнімен ұнатып, жек көрсе адам алғысыз етіп тастайды.

20- жұлдызы күні туғандар

Өзгелер үшін үнемі өзін құрбандыққа шалатындар. Өзін осылай шаршата берсе, түптің түбінде күш-қайратынан айырылады. Өзгені түсіне алатындығы үшін оған сырт адамдар өз мәселелерін айтады. Дегенмен, ақкөңілділіктің де шегі болады. Осыны естен шығармағаны жөн. Мінезі жұмсақ, нәзік, түсінігі мол, кең пейілді. Бұл оған Тәңірдің берген сыйы.

21- жұлдызы күні туғандар

Ақсүйектік өмірге бейім. Тілі шешен, өткір. Өзгелермен оңай тіл табысады. Қай ортада болсын басты назарда болғанды қалайды. Терең пікірталасуға барудан қашқақтайды. Бірақ мәселенің мәнін тез аңғарып, өз пайдасына қарай шеше қойатын мінезі бар. Өмірді   сөзбен өрнектейтін жан.

22- жұлдызы күні туғандар

Ол өмір сәулетшісі. Бей-берекеттік, жоспарсыздық жанын жаралайды. Іске асыратын жұмысының ұсақ-түйегіне дейін ойластырып барып, жүзеге асырады. Өзіне сондай сенімді , ешкім оны өз ойынан қайтараалмайды. Материалдық жағынан сәл қиындықтар көргенімен, ол оған мән бермейді. Себебі оның білімі мен тәжірибесі түптің түбінде оны бұл тығырықтан алып шығады.

23- жұлдызы күні туғандар

Өзгерістер мен сөз өмірінің басты қағидасы. Ол – сөз қадірін терең түсінетін жан. Актер, әдебиетші, радиожурналист, сауда мен педагогикалық істерде де бағы жанады. Адамдарды өзіне жылдам еліктіре алады. Оны көп адам сыйлайды, құрметтейді. Дегенмен ол көңіл-күй арнасына жылдам беріледі. Оның намысына тисеңіз көтеріліп кетеді. Мінезі жылдам.

24- жұлдызы күні туғандар

Жеке адамның өсуі үшін қажетті мінездердің бәрі бойында бар. жақсы көрген ісіне бар жан-тәнімен беріліп, жұмысын табысты аяқтайды. Тіпті демалу дегенді ұмытып кетеді. Анда-санда көңіл көтергеннің зианы жоқ. Үйі мен отбасынан өзге жақыны жоқ. Жақындары үшін қолынан келгеннің бәрін істейді. Өзгенің оған қол сұғуына жол бермейді. Айналасын әдемілікке бөлеп, өзі соның қызуына жылынып отырғысы келеді.

25- жұлдызы күні туғандар

Өмірдегі басты қағидасы – шыдамдылық пен тәртіптілік. Сырттағы жұрт үшін ол тасбақа секілді тым сылбыр көргенімен, ол бәрін ойымен екшеп отырады. Белгілі бір ойға берілген кезде өзге дүниені ұмытып кетеді. Құпиа ілімдерге құмары ерекше. Адамдармен қарым-қатынаста адалдық, сенім, тазалыққа иек артады.

26- жұлдызы күні туғандар

Ол мықты, ақылды. Ірі бизнеске жетекші бола алады. Қайырымдылық қорын құруы мүмкін. Өзгелерге ақыл үйртетуге де шебер. Үйі мен отбасына сүйіспеншілігі мол. Қандай жұмысты да кең ауқымда жүргізеді. Даңқ пен байлыққа ұмтылғыш. Оны үйлесімді жүргізе алады.

27- жұлдызы күні туғандар

Оның мүмкіндігінде шек жоқ. Өне бойы тосын нәрселер іздеумен болады. Өмірдің бір кезеңінде ол мистикамен айналысады, жүзеге аспайды-ау деген бұлдыр жоспардың етегінен ұстап жүреді. Оның іскерлігі сондай, қиалдың өзін нақты өмірге айналдырып жібереді. Ойға берілуді жақсы демалыс деп ойлайды.

28- жұлдызы күні туғандар

Ол қандай ортада болсын тізгінді өзгеге бермейді. Шатқайақтап тұрған істі түзетіп жібереді. Ойлау жүйесі өзгеше. Ұйымдастырушылық қабілеті ерекше. Жаңа ойларын өзге арқылы жүзеге асырғысы келіп тұрады. Адамдары арасындағы қарым-қатынаста жылылық қалыптастырады.

29- жұлдызы күні туғандар

Адамы көп ортаны іздеп тұрады. Біреуге жаны ашып көмектеспейді, өзіне пайдалы жағын ойлап көмектеседі. Екінші біреуге қажеттілікті дәл ұға біледі. Оның ойынан артылатын ешнәрсе жоқ. Өзіне керекті нәрсені бүге-шігесіне дейін біліп ала қойады. Достары көп, қызығушылығының айасы кең. Көптің көзіне түсіп жүруді қалайды. 29 санының жағымсыз бір тұсы – эгоистік. Одан құр алақан емес.

30- жұлдызы күні туғандар

Ойы мен сезімін әрқашан ашық айтып отырады. Оған махаббат билік жүргізеді. Көпшіл. Адамдарды өзіне тартып тұратын қасиеті бар. әділдігі мен шеберлігінің арқасында біраз жетістіктерге қол жеткізеді. Олар талантты болып келеді.

31- жұлдызы күні туғандар

Көп нәрсені көңіл көзімен көретін туа біткен қабілеті бар. өзі де сонысына орай таза, сенімді. Әріптесі, жолдасы, отбасы үшін адамгершіліктің қазынасы іспеттес. Шығармашлық ойды жүзеге асырарда оны әбден кесіп-пішіп алады.ұсақ-түйекке назар аудармайды. Қабілеті оны биікке шығарады. Өзінікінен бұрын өзгенің мәселесін шешуді ұнатады. Өзін ұмытпағаны жөн.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: