Сәрсенбі, 16 қазан, 06:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Тырнағыңыз әлсіз әрі жұқа болса…

08.03.2021

3164 0

Тырнақ өте жұқа, әлсіз, тез сынса, қатайту үшін йод жағу керек дейді көбісі. Десе де, мұның кейде көмегі болмай да жатады. Сонда тырнақты қатайту үшін не істеуге болады?   

Тырнақ адам ағзасының қай жері ауыратынынан хабар береді. Мамандардың айтуынша, тырнақ ұшы екіге бөлініп, сына берсе ағзаға қалий жетіспейді екен.       Әдетте, мамандар кальцийдің жетіспейтіндігінің орнын толықтыру үшін жұмыртқаның қабығын жеуге кеңес береді. Ол үшін жұмыртқаны жылы сумен сабындап жуады, құрғатады. Сосын жұмыртқаны жарып, ішіндегі сұйықтықтан және жұмсақ қабығынан арылтады. Қатты қабығын тақтайға қойып ұнтақтайды. Ұнтақты екіге бөліп, бір бөлігін таңертеңгі астан соң сумен немесе сусынмен ішеді. Яғни, бір жұмыртқаның қабығы екі рет қабылдауға жетеді. Тырнақтың өзінен-өзі сынатыны немесе қабаттанып өсетіні болады. Бұндай жағдай көктем, жаз айларында жиі байқалады. Оның негізгі себебі – витаминнің жетіспеушілігі. Сондықтан, күнделікті тағам рационына көкөніс пен жемісті көбірек енгізу қажет. Апта сайын қолды тұз немесе йод пен ас содасы қосылған жылы суға 10-15 минуттай малып отырған жөн. Мұқият сүртіп, кептірген соң, крем немесе тазартылған өсімдік майын жаққан дұрыс. Осыны бірнеше рет қайталаса, қол терісі жұмсарып, тырнақ қайта қалпына келеді екен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: