Жұма, 11 қазан, 20:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Жұлдыз жорамал 12 наурыз

12.03.2021

1499 0

Тоқты
Өмірлік мақсаттарыңызды айқындап, жоспарларыңыз жазылған тізімді жаңартатын кез келді. Орындалмас армандарды шетке ысырыңыз. Осы тұста жақындарыңыздың пікірін де ескергеніңіз жөн. Жаңа қымбат нəрсе алғыңыз келіп жүрген сияқты. Оның нәтижесіне қиналып жүріп қол жеткізесіз. Сіздің есебіңізде тамақтануды жөн көретін достарыңыздың арқасында қаржылай қиындыққа тап боласыз. Сүйіктіңізбен көптен бері сөзіңіз жараспай жүр. Сондықтан оны кездесуге шақырғаныңыз жөн.

Торпақ
Осы күн ішінде белсенділікті төмендеткен жөн. Өйткені, асығамын деп қателік жіберуіңіз мүмкін. Ұйқыңызды қандырып, жақсылап демалып алыңыз. Болашаққа жоспар құру барысында бірнеше нұсқаны қатар қоюды ұмытпаңыз. Мақсатыңызды өзгертетін жағдайларға тап болуыңыз мүмкін. Қиял әлемімен қош айтысып, шынайы өмір сүруді жөн көресіз.

Егіздер

 Күннің алғашқы бөлігінде басыңызға түрлі идея оралады. Мүмкіндіктердің көп болатындығы соншалық, арасында таңдау жасауыңызға тура келеді. Сол кезде жақын адамыңыздың пікіріне құлақ асыңыз. Ғашығыңыз сіз күткендей әрекеттер жасамайды. Табыспайсыздар және айырылыспайсыздар. Бəрін уақыт еншісіне қалдырасыздар.

Шаян
Бір сәтке көзіңізді жұмып, жүрегіңіздің дүрсілін тыңдап көріңіз. Оны ести салысымен өмірдің ағынын, тіршіліктің қайнап жатқанын сезінесіз. Орындау мүмкіндігіңіз болмайтындықтан, ешкімге уәде бермеңіз. Әлін білмеген әлек болады демекші, атан түйеге өзі көтере алатын жүкті ғана артқан жөн. Жұлдыздар ескі қиындықтарыңыз өз шешімін табатындығын баян етуде. Махаббаттың шарайна секілді нәзік сезім екенін білетін шығарсыз. Сондықтан, барлығын қайта қалпына келтіремін деп әуреге салынбаңыз. Достарыңыз бен туған-туысқандарыңыздың сөзін тыңдамаңыз. Сізді жаңа махаббат хикаясы күтіп тұр. Өзіңізді тыңдаңыз.

Арыстан
Барлығы сіздің қолыңызда еместігін мойындайтын сәт келді. Өзге адамдардың пікіріне де құлақ асып, топпен жұмыс істеп жүргендігіңізді түсініңіз. Өзіңізді ұсқынсызбын деп ойлап жүрсіз. Алайда, бұл ойыңыз қате. Одан да сүйіктіңізден сізді не үшін жақсы көретіндігін сұраңыз. Бүгін салауатты өмір салтын ұстанып, таза ауада көп жүруіңізге тура келеді.

Бикеш
Салдары жаман болатындықтан, бүгін асығыс шешім мен ашуға бой алдырудан аулақ болған жөн. Жақын адамыңызға құпияны әзірге айтпаңыз. Өйткені, материалдық, рухани құндылықтарға байланысты көзқарасыңыз өзгеруі мүмкін. Жаныңыз жаңа сезімге құмартуда. Қалыпты қарым-қатынастан эмоцияға берілуді жөн көресіз. Жаңа адамдармен таныссаңыз да, олармен тағдырыңызды біріктіруге асықпаңыз. Зиянды әдеттермен күресіңіз. Себебі, бүгін кез келген қиындыққа қарсы тұра алатындай күш-қуатқа ие боласыз. Жұлдыздар жақсы нәтижеге уәде беретіндіктен, істі кейінге қалдырмаңыз.

Таразы
Көңіл көтеріңіз, қыдырыңыз, демалыңыз. Көрші қаланы аралауға аттаныңыз, көңіл қалаған жаққа барып келуге таптырмас күн. Жалған романтикаға алданып қалмаңыз. Бүгін жақсы таныстық үшін таптырмас күн. Əр таныстық өз несебімен келеді.

Сарышаян

Көпшіліктің көзайымына айналғыңыз келсе, жұмбақ жан болып көрінуге тырысыңыз. Шығармашылықпен айналысуға уақыт тауып, философиялық кітаптар оқыңыз. Өзіңіздің түйсігіңізге сеніп, ешкіммен ренжіспеңіз. Сүйіктіңіздің қолы босамаса да, жалғыз жүрмегеніңіз абзал. Өзіңізді күтіңіз.

Мерген
Мақсатына жетпесе тынбайтын жанға айналуға тырысыңыз. Арманыңыздың орындалатындығына өзгеден бұрын өзіңіз сеніңіз. Қателіктеріңізді анализдеп, алға қадам басыңыз. Дәл қазір өзгелердің де мақсатын жүзеге асыруға көмектесе аласыз. Махаббат сезімінің тәртіпке бағына қоймайтындығын ескеріңіз. Қандай жағдай болмасын, көңіл күйіңіз түспесін. Әрине, жасап жүрген істеріңіз сіз күткендей нәтиже әкелмеуі мүмкін. Десе де, өткен іске өкінгеннен пайда жоқ. Бір қиындық артынан екі қуаныш жүретінін ұмытпаңыз.

Тауешкі

Бүгін еңбегіңіздің жемісін жейсіз. Бойыңыздағы күш-қуатыңыз спортпен айналысуға да, жақсылап көңіл көтеруге де жетеді. Алайда, күдікті іспен шұғылданудың қажеті жоқ. Себебі, нар тәуекелге барамын деп қолыңыздағы бақыт құсын ұшырып алуыңыз мүмкін. Бүгін сіз үшін сәтті күн болмақ. Кей қиындықтарда шешім қабылдау мәселесін сүйіктіңізге қалдырыңыз. Кешке романтикалық кездесуге барасыз.

Суқұйғыш

Бүгін қолыңыздан барлығы келетініне көзіңіз жеткізесіз. Сүйіктіңізді қатты ренжітесіз,бірақ кешке бəрі қалпына келеді.Ал жалғыз жүрген жандар достарымен жиі кездесуге барғандары жөн. Теріңіз бен тырнағыңызға, шашыңыздың саулығына мән беріңіз. Көз тиді, суық тиді сынды диагноздардан аулақ болып, мамандардың көмегіне жүгініңіз. Ұйқыңызды қандырып жүріңіз.

Балықтар

Бүгін көп іске нүкте қоюға себепші болады. Көп мүмкіндікті жіберіп алғаныңыз үшін өкінбеңіз. Өткенді өзгерту қолыңыздан келмесе де, оған деген көзқарасыңызды өзгерте аласыз. Ақылды емес, жүрегіңізді тыңдаңыз. Сонда ғана жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: