Бейсенбі, 22 сәуiр, 06:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (1733)
20.04.2021
PDF мұрағаты

Жұлдыз жорамал 28 ақпан

28.02.2021

533 0

Тоқты

Кәсіби жұмысымен қатар мойнына көп міндеттеме жүктеледі. Өзекті емес деп санаған қызмет қайта іске қосылады. Бұл аптада достар мен таныстар белсенділік танытады. Әсіресе телефон қоңыраулары көп болмақ. Отбасы дәстүріне қатысты біраз шығын болады. Туыстармен қарым-қатынаста түсіністік пен қолдау табасыз. Олардан күтпеген сыйлықтар аласыз. Кез келген жағдайды реттеудің сәті түседі. Бәріне ықпалыңыз зор болады. Тағдырыңызға әсер ететін кездесулер мен қызықты адамдармен жоспарламаған кездесулер орын алады.

Торпақ

Сөзіне, ісіне сақ болып, жақын араласатын адамдар арасындағы қазан ережені бұзбауға тырысады. Туысқан немесе досына көмек көрсетуге тура келеді. Адамның аты, тегі маңызды рөл атқаратын болады. Өзіне маңызды бір дүниені іздеумен болады. Жетістікке жетеді деу қиынырақ. Бірақ жұлдыздар бұның өте қажет екенін. Сапарға күтілуде. Соған қатысты біраз нәрсе шешімін табады. Бұл апта ақша қайтарудың сәтті кезеңі. Бірақ ешкімге қарыз бермеңіз. Ол жағымсыз әсермен аяқталуы мүмкін. Шешім қабылдай алмай, өзіне сенімі азаяды, ешбір адамның көмегінен бас тартпаңыз. Бұл жерде мәселе сезімде емес.

Егіз

Жағдайлар жылдам өзгереді, кәсіби салада да жаңа мүмкіндіктер туады. Беделді адаммен танысып, ол жоспарларыңызды жүзеге асыруға септігін тигізеді. Бұл апта – тағдырлы мақсатқа қол жеткізуде ұсақ-түйек іс-әрекеттерді меңгеру кезеңі. Аралас-құралас адамдар артады, олар әр түрлі болады. Сонымен бірге эмоция басым болмақ, қысылтаяң сәттер де көп болады. Қатынасты қалыпқа келтіруге де біраз күш жұмсауға тура келеді. Содан аздап шаршайсыз.

Шаян

Шешім қабылдауға белін бекем буады. Өз күшіңізге сенімдісіз. Егер сізге балама бірдеңе ұсынбаса, сіз батыл іс-әрекетке, жылдам қимылдауға, жұмыста да, басқа жерде де тәуекелге баруға дайынсыз. Бастама көтересіз, тартымдысыз, ұстанымға беріксіз. Серіктестермен кездесу болады. Қосымша қызметті де қатар алып жүре аласыз. Өз тәжірибеңізді іске жаратып, кез келген жұмысқа белсене қатысасыз. Бұрынғы күш салған іс жемісін береді. Жағдайлар да бірден өзгереді. Қаржы жағдайы сіздің қалауыңызбен орындалады.

Арыстан

Біреуді «қуып жетіп», басып озу ниеті басым. Өзгелерді басқару тетігі өз қолында. Бұл аптада даму мен өзгеру құбылыстарын алдын ала сезеді. Сол сәттілік әкеледі. Тап қазір не істеп жатқаныңызға есеп берумен боласыз. Бірақ бастама көтерудің тәсілін берекелі деу қиын, соған қарамастан барлық нәрседе жеңіске қол жеткізуге дайынсыз. Бұл аптада құжаттарды ретке келтіріп, маңызды құжаттарды рәсімдеп алумен айналысасыз. Келісімдер мен шарттарды рәсімдеу ұзаққа созылуы ықтимал.

Бикеш

Жаңа жоспар құрып, жағдайға икемделіп, ақырындап іске кірісесіз. Іскерлік салада бірқатар өзгерістер болады. Бірақ, бір жағымсыз тұсы, шешімді сіз емес, өзге біреулер қабылдайды. Сенімді беделді адамыңыз болса, онда еш проблема жоқ. Пайдалы байланыс орнату, есеппен қатынас жасау маңызды рөл атқарады. Соның арқасында көбісі алға жылжиды. Бірақ арқа сүйер адамыңыз болмаса қиындыққа тап боласыз. Отбасында жасы кішілер үшін жауапкершілік мәселесі өзекті болмақ.

Таразы

Біліктілігіңізді арттырасыз. Бәрі сіздің жетістігіңізді көреді. Бірақ көреалмаушылар өте көп болмақ. Серіктес болуға, танысуға құпия ұсыныс түседі. Имиджді өзгертетін уақыт туды. Сыртқы келбетіңізді де өзгертіңіз. Көңіл бөліңіз. Жұрт алдына шығуыңыз мүмкін. Денсаулығыңызды естен шығармаңыз. Ақша оңайлықпен келмейді. Бірақ қалтаңыз бос тұрмайды.

Сарышаян

Бұл апта жаңа белеске шығатын кезең. Алға дамисыз, жолыңыз ашық, іс-әрекеттеріңіз зая кетпейді – осының бәрін жақсы түсінесіз. Көбісінің қасында пікірлес, жақын достары болады. Күнделікті өмір небір жұмысқа толы, тіпті оның бәрін істеуге уақыт таба алмай қалуыңыз мүмкін. Өздігіңізбен шешетін бірқатар мәселе туады.

Мерген

Сіздің өмірге деген көзқарасыңызды онша ешкім түсінбейді, сондықтан біреудің бағасын естіп тұйықталып, ойға берілесіз. Айналаңыздағы адамдардан бөлектенесіз. Сөйтіп жұртқа жұмбақ болып көрініп, тіпті қызығушылыққа ие боласыз. Кез келген келіссөз, келісімге қол жеткізе аласыз. Құзыреттілігіңізге қатысты бірқатар мәселеде түсіністік табасыз. Мүлікке қатысты мәселе оң шешілуі мүмкін.

Тауешкі

Ұзақ мерзімді істер басты назарға алынады. Көпшілігі жөндеу, айналасын ретке келтірумен айналысады. Біраз уақытқа тұрғылықты жерін ауыстыруы да мүмкін. Сізге өзіңіз бағалайтын күнделікті күйбің тіршіліктен тыс жағымды көңіл күйбен арылмау керек. Әйтпесе жағымды эмоцияңыздан айрылып қаласыз.

Суқұйғыш

Сапарға шыққанда да өте жақсы ойлар келеді. Бір уақытша серіктесіңіздің білімінің көмегімен шешімін таппай жүрген сұрақтың жауабын табасыз. Бітіп таусылған нәрседен мағына іздемейсіз. Сіз жақсыға сенесіз, сол сеніммен өмір сүресіз. Кейде бір адамның бойындағы прагматика мен романтизм таң қаласың. Сіз сондай күйде боласыз. Тап осының арқасында жұртқа тартымды боласыз. Қаржы мәселесі бақылауда болмақ. Бірақ тура осы кезеңде сіз ақшаның жетіспейтінін қатты сезесіз. Арқа сүйейтін ешкіміңіз жоқ. Сондықтан тек өзіңізге сенуге тура келеді.

Балықтар

Үйіңізге қонақтар келеді. Той жасауыңыз мүмкін. Белгілі бір адам өміріңізге өзгеріс әкеледі. Өмір салтын өзгертіп, өз ережеңізді орнатасыз. Денсаулыққа көп көңіл бөлесіз. Таза ауада көп боласыз. Сенімді адамыңызбен серуендеп, қызықты жерге барасыз. Қысқа сапарда қажетті ақпаратқа ие боласыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: