Жұма, 29 наурыз, 10:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Медицина мамандығына бөлінетін грант саны көбейді

19.07.2022

513 0

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық мамандықтар бойынша бакалавриатқа және резидентураға білім гранттарының санын арттырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі уақытта бакалавриатқа барлығы 2700 грант бөлінген. Мәселен, «Мейірбике ісі», «Фармация», «Жалпы медицина/Медицина», «Стоматология», «Педиатрия», «Қоғамдық денсаулық» мамандықтарына – 2335 грант, квота – 365 грант (жетім балалар, мүгедектігі бар тұлғалар және т. б.), 20 грант – халықаралық келісімдер шеңберіндегі гранттар.

Магистратураға Денсаулық сақтаудағы менеджмент, Қоғамдық денсаулық сақтау, Мейірбике ісі, Фармация, Биомедицина, Медицина, Медициналық-профилактикалық іс мамандықтары бойынша 325 грант бөлінді. Мәселен, 2023 жылы мемлекеттік гранттардың саны 1500-дің орнына 1700-ге дейін, 2024 жылы – 1800, 2025 жылы – 2000-ға дейін ұлғаяды.

Айта кетейік, резидентураның мемлекеттік білім тапсырысын бөлу кезінде денсаулық сақтау, аймақтандыру басқармаларының өтінімдеріне және ЖОО, ҒЗИ, ҰО өтінімдеріне сәйкес өңірлердің қажеттілігі ескеріледі. Тұтастай алғанда, медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы өңірлердің қажеттілігі мен жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері ескеріле отырып қалыптастырылады.

Жыл сайын республикалық комиссия денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін мамандықтар бойынша білім гранттарын алқалы түрде бөледі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: