Бейсенбі, 25 сәуiр, 02:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Мектеп жылыжайындағы банан

19.11.2022

874 0

Қызылорда қаласындағы М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицей жылыжайында банан өсірілуде. Өсімдікті мектептің биология пәнінің мұғалімі Күміскүл Серекеева мен 5 сынып оқушысы Айару Дарышхан жоба қорғау мақсатында екен.

− Мектеп жанында жылыжай болған­дықтан жалпы Қазақстан үшін ерекше жемісті тәжірибе мақсатында егіп көргіміз келді. Бүгінде нәтиже де жоқ. «Біздің аймақта банан өсіруге бола ма?» деген тақырыпта жоба қорғап, өсіруге болатынын дәлелдеп шықтық. Қазіргі кезде біз еккен өсімдіктің биіктігі 1 метрге жетті. Алдағы уақытта жемісін алу, көбейту тәжірибелерін жасап көреміз. Жалпы банан өсіру үшін су, қолайлы температура мен жарық қажет, − дейді мектеп мұғалімі Күміскүл Дүйсенқызы.

Жетекшінің оқушымен бірге «Экологиялық апат аймағы жағдайында мектеп жанын­дағы жылыжайда банан өсірудің ерек­шеліктері» тақырыбында жобасы «Зерде» республикалық ғылыми жобалар кон­курсының қалалық кезеңінде жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Жоба авторлары зерттеу арқылы жылыжайда бананды өсіруде оның тиімді жолдарын және өсірудің негізгі ерекшеліктерін, қа­лыпты даму мен жеміс беруді қам­та­масыз ету үшін қандай агро­биологиялық жағдайлар қажет екенін зерттеп, банан өсіру жолдарын ұсынды.

Мұғалімнің айтуынша, бір түп банан 300 данаға дейін жеміс беруі мүмкін екен. Егер жоба ойдағыдай жалғасса, мектеп жылыжайында өсіп жатқан бананнан 1,5-2 жылда жеміс алуға мүмкіндік бар.

А.НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: