«Заң мен тәртіп» қағидаты және «Саналы ұрпақ» жобасы аясында облыс аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді профилактикалық рейд ұйымдастырылды.

Іс-шараға облыстық білім, балалар құқықтарын қорғау басқармалары, облыстық прокуратура және полиция департаментінің қызметкерлері қатысып, тұрғындармен кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Рейд барысында бала қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерге ерекше назар аударылып, ата-аналарға балалардың терезеден құлауының алдын алу, судағы қауіпсіздік талаптарын сақтау, жазғы демалыс кезеңінде балаларды қараусыз қалдырмау және олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу жөнінде түсіндірме берілді.
Сонымен қатар, бірлескен топтар ойын-сауық орындары мен компьютерлік клубтарды аралап, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру фактілерін анықтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында бақылау жұмыстарын жүргізді.
Құрметті ата-аналар!
Баланың қауіпсіздігі – ең алдымен отбасының жауапкершілігі. Балаларыңыздың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың қайда жүргеніне тұрақты бақылау жасап, қауіпсіздік талаптарын сақтауға ерекше мән берулеріңізді сұраймыз.
Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
