Құрылтай

Сенбі, 11 шiлде, 10:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51 (2263)
09.07.2026
PDF мұрағаты

Мемлекеттік сатып алу жүйесінің тиімділігі халықаралық деңгейде бағаланады

11.07.2026

53 0

Фото: Kazinform

Қазақстан халықаралық стандарттарға сәйкес мемлекеттік сатып алу жүйесін кешенді бағалауды бастады, деп хабарлайды Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі, – деп хабарлайды KAZINFORM

2026 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорымен (ЕТДҚ) бірлесіп, MAPS (Methodology for Assessing Procurement Systems) халықаралық әдіснамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жүйесін бағалауға арналған кіріспе семинарын өткізді.

Семинарға мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар, сондай-ақ мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.

Мемлекеттік сатып алу жүйесінің тиімділігі халықаралық деңгейде бағаланады

MAPS әдіснамасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жүйесін алдыңғы бағалауды халықаралық қаржы институттары (Дүниежүзілік банк, ЕЫДҰ, ЕҚДБ, ИДБ, АДБ) 2019 жылы өткізді.

Іс-шара барысында MAPS әдіснамасы шеңберінде қолданылатын бағалау жүргізудің мақсаттары, кезеңдері мен негізгі тәсілдері түсіндірілді.

— Бағалау жүргізу мемлекеттік сатып алудың қолданыстағы жүйесін жан-жақты талдауға, халықаралық стандарттар мен үздік әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, оны одан әрі жетілдіру бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді, — дейді мамандар.

Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алудың ашық, тиімді және автоматтандырылған жүйесін дамыту жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастырады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: