Құрылтай

Сенбі, 11 шiлде, 11:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51 (2263)
09.07.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда цифрлық активтерді ерікті түрде жария ету тетігі енгізіледі

11.07.2026

58 0

Коллаж: Kazinform

Бұл туралы Қазақстанда цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту шараларына арналған баспасөз мәжілісінде Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM

Оның айтуынша, мемлекет цифрлық активтерді заңды айналымға қайтару үшін «жасыл дәліз» ашады.

– Бұған дейін сатып алған немесе өндіріп алған цифрлық активтері бар азаматтар оларды ерікті түрде жария ете алады. Бір ғана талап бар – активтер қазақстандық провайдерлер арқылы заңды инфрақұрылымға ауыстырылуы тиіс, – деді министр.

Оның айтуынша, цифрлық активтерді ерікті түрде жария етудің құқықтық тетігі осы жылдың соңына дейін әзірленеді.

Сонымен қатар министр нарық қатысушылары көптен бері көтеріп жүрген тағы бір мәселе шешімін табатынын айтты. Оның сөзінше, 1 тамызға дейін жекелеген клиенттердің шоттары заңды негізде бұғатталған жағдайда, криптопровайдерлердің операциялық шоттарының бұғатталуына жол бермейтін тетік әзірленеді.

– Платформа мен оның мыңдаған пайдаланушысы бір заң бұзушының әрекетінен зардап шекпеуі керек, – деді Жаслан Мадиев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: