Құрылтай

Сенбі, 11 шiлде, 14:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51 (2263)
09.07.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда Ұлттық криптовалютаны талдау жүйесі құрылады

11.07.2026

38 0

Фото: Kazinform; Pixabay; Freepik

Қазақстанда 2027 жылғы 1 шілдеге дейін Ұлттық криптовалютаны талдау жүйесін құру жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстанда цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту шараларына арналған баспасөз мәслихатында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM

Оның айтуынша, жаңа жүйе криптовалютамен жасалатын операцияларды тұрақты бақылауға мүмкіндік береді.

– Бұл жүйе криптовалюта операцияларын бақылауға, транзакцияларды талдауға және заңсыз қаржы схемаларын анықтауға арналған. Нарықтың ашық болуы бақылау болмайды дегенді білдірмейді. Азаматтарды қорғау және заңсыз операциялардың алдын алу – бұл жұмыстың маңызды бөлігі, – деді Жаслан Мәдиев.

Сонымен қатар министр орталықтандырылмаған қаржы платформаларының (DeFi) жұмысына талдау жүргізіліп, оларды реттеу тетіктері әзірленетінін атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстанда цифрлық активтерді ерікті түрде жария ету тетігі енгізіледі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: