Құрылтай

Сенбі, 11 шiлде, 15:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51 (2263)
09.07.2026
PDF мұрағаты

Базалық мөлшерлеме әзірге төмендемейді – Ұлттық банк

11.07.2026

33 0

Фото: fingramota.kz

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық банкте өткен брифингте айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM

Оның сөзінше, Қазақстандағы инфляцияның баяулауына қарамастан, базалық мөлшерлемені әзірге қайта төмендету жоспарда.

– Инфляция бәсеңдегенімен, бұл біз күткендей деңгейде емес. Айлық инфляцияға қатысты әлі де алаңдататын жайттар бар. Сондай-ақ көрші елдердегі жанар-жағармай нарығындағы жағдай да тұрақсыз. Әрине, инфляция одан әрі төмендеп, базалық мөлшерлемені азайтуға мүмкіндік бергенін қалар едік, – деді Тимур Сүлейменов.

Еске салайық, 5 маусымда Ұлттық банк инфляцияның баяулауына байланысты базалық мөлшерлемені 18%-дан 17%-ға дейін төмендеткен болатын.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы доллар бағамына қатысты болжамын айтқан еді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: