Жұма, 29 наурыз, 17:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Жүзден жүйрік шыққандар

19.11.2022

650 0

ТжКБ ұйымдарының үздік студенттерін анықтау, марапаттау және жетілдіру бойынша «ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» жобасы ұйымдастырылды. Бұл жобаға республикадағы барлық колледждің үздік студенттері қатысып, жобаның ережесіне сәйкес 3 кезеңнен бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бұл – еліміздегі ауқымды жоба. Жыл сайын дарынды жастарды қолдау, жұмысшы біліктіліктерін және білімі, дағдылары мен таланттарының арқасында жетістікке жеткен үздік колледж студенттерін дәріптеу мақсатында өтеді. Жобаға қатысқан М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенттері жүздіктер қатарынан көрінді.

Олар: Дидар Өмірзақ «Өнер» бөлімінің 3 курс студенті, Ақбөпе Жақсылық  «Шетел тілі» бөлімінің 3 курс студенті, Аружан Мамзада  «Бастауыш білім беру» бөлімінің 2 курс студенті, Аяжан Серікова «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 3 курс студенті, Гүлжан Мұстафаева «Филология» бөлімінің 4 курс студенті.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан студенттеріміз болашақта да үлкен жетістіктерге жететіндігіне сенімдіміз.

Заман талабына сай білім беру саласына қойлатын талаптар күшейіп, оқу орындары арасында бәсекелестік күннен-күнге артып келеді. Соған сай студенттер де өз білімділіктерін көрсетіп, шеберліктерін ұштауда. Яғни, бүгінгі жастар бәсекеге бейім білімді азаматтар болғысы келетіні анық.

Айтолқын АЙТЖАНОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: