Сенбі, 04 мамыр, 07:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

2024 жылы бірыңғай жиынтық төлем болмайды: МӘМС-ға қалай төлем жасаймыз?

03.10.2023

386 0

БЖТ бастапқыда уақытша төлем ретінде 5 айға – 2019 жылдың 1 қаңтарынан 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін енгізілді. Келесі жылдан бастап бұл төлем түрі болмайды, деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

2024 жылы сақтандырылған мәртебесін жоғалтпау үшін, азаматтар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, 1,4 ең төменгі жалақы мөлшерінің 5% төлей алады немесе жарналарды өз бетінше төлей алады – 1 ЕТЖ-дан 5%.

«Бірыңғай жиынтық төлемнің негізгі мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелеріне тарту. Сондықтан бұл төлемдері төмен жеңілдік кезеңі болды. Қазір жеке тұлғалардың табысын декларациялау кезең-кезеңімен енгізілу үстінде. Бұрын кәсібін тіркемеген азаматтар кәсіпкер ретінде тіркелуі керек», – деп түсіндірді Бақыт Исмаханбетов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: