Сенбі, 27 сәуiр, 22:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жаңа басшысы 17,3 миллион теңге жалақы алады

19.10.2023

344 0

Фото:gov.kz

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов қанша жалақы алатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ӘМСҚ коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесі қордың басқарма төрағасы жалақысының шекті мәндерін белгіледі. Бұл – қордың баспасөз қызметі Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында көрсетілген.

«Қазіргі басқарма басшысының жалақысы белгіленген ең төменгі деңгейде – «таза» 1,39 миллион теңге», – делінген хабарламада.

ӘМСҚ топ-менеджерлер сыйақысы туралы да айтты. Ұйым мәліметінше, басқарма төрағасын қоса алғанда, басқару командасы жылына 10 ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерінде сыйақы алады. 2023 жылы бұл 700 мың теңге (2022 жылы ӘМСҚ қызметкерлері сыйақы ретінде 600 мың теңге алған).

«Олардың әрқайсы жалпы жалақы (демалыс пен емдік жәрдемақыны қосқанда) және жылына 10 ең төменгі жалақы мөлшерінде үстемеақы алады», – деп түсіндірді қор.

Осылайша, Әбілқайыр Сқақовтың бір жылдағы жалақысы мен бір сыйақысы шамамен 17,3 миллион теңге болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: