Жексенбі, 28 сәуiр, 02:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Аурудың алдын алам десеңіз – екпе алыңыз

06.10.2023

515 0

Бүгінгі күні Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп бағаланады. 2023 жыл басынан бері облыс бойынша коронавирус инфекциясының 89 дерегі тіркелді. Оның ішінде 79 дерек аурудың клиникалық симптомдарымен, 10 жағдай ауру белгілерінсіз анықталды.  Соңғы дерек ағымдағы жылдың мамыр айында тіркелді. Содан бері бұл инфекцияның бірде-бір дерегі анықталған жоқ. Дегенмен сақтық шараларын әлсіретпеуге шақырамыз. Себебі қазір күз мезгілі, яғни жіті респираторлы вирусты инфекциялардың, тұмаудың белең алатын эпидемиологиялық маусымы. 2023 жылдың 9 айында ЖРВИ-дің 33456 дерегі тіркелді, тұмаудың 68 жағдайы анықталды.

Тұмаудың алдын алу мақсатында жыл сайын вакцинациялау науқаны жүргізіледі. Бүгінгі күні 20 мыңға жуық тұрғын тұмауға қарсы екпе алды. Медициналық қызметкерлер, созылмалы ауруларымен есепте тұрған адамдар, сәбилер мен қарттар үйлерінің контингенттері, жүкті әйелдер вакцина ақысыз негізде салынады.  Вакцинациялау әлі де жалғасуда. Сондықтан барша тұрғындарды тұмау ауруына қарсы вакцина алып, ағзаның қорғаныс қабілетін күшейтуге кеңес береміз. Сонымен қатар салауатты өмір салтын сақтап, жеке бакс гигиенасын орындау қажет. Эпидмаусым кезеңінде антисептиктерді пайдаланып, адам көп жиналатын орындарға баруды шектеу де, әлеуметтік арақашықтықты сақтау да  маңызды.

 Әлия Әбдіқайымова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: