Дүйсенбі, 04 қараша, 02:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87-2097
02.11.2024
PDF мұрағаты

Азық-түлік қауіпсіздігі – өзекті мәселе…

26.02.2021

1040 0

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын қадағалау бөлімінің басшысы С. Ибайдуллаева Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің «Адал көмек» жобасы аясында әлеуметтік желі қолданушыларына өнімдердің қауіпсіздігі бағытында атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндап, сапалы өнімді таңдауға қажетті маман кеңестерімен тікелей эфирде бөлісті.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің жұмыс бағыттарының бірі – ішкі сауда нарығы айналымындағы өнімдердің қауіпсіздігіне бақылау жүргізу болып табылады. Осы мақсатта аймақтағы сауда нысандарынан ай сайын халыққа әлеуметтік маңызы бар, халық көп тұтынатын тамақ және тамақ емес өнім сынамалары сатып алынып, оларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізіледі.

Өткен жылы сауда орындарынан барлығы  1851 сынама сатып алынды. Басым үлесін 73,6% тағам өнімдері құрайды.

Жүргізілген сараптамалар нәтижесімен 111 сынама техникалық регламенттер талаптарына сәйкес болмай шықты. Сәйкессіздік анықталған өнімдердің   98  сынамасы  тамақ өнімдерінің, 13 сынама тамақ емес өнімдердің үлесінде.           

      Анықталған сәйкессіздіктер бойынша сауда объектісінің иесіне бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

     Тікелей эфир барысында С. Ибайдуллаева тұтынушыларға ең қажетті ақпараттарды ұсынатын «Сәйкес келмейтін өнімдер тізілімі» сайты туралы кеңінен ақпарат берді: «Сәйкессіздік анықталған өнімдер бойынша егжей-тегжейлі мәлімет осы тізілімде көрсетілген. Яғни өнімнен анықталған сәйкессіздік, оның өндірушісі, тауар белгісі, ол өнім сатып алынған сауда орнының атау қазақ және орыс тілерінде қолжетімді.  Бұл өз кезегінде тұтынушыға дұрыс таңдау жасауға, ал өндірушілер үшін тиісті жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді», – деді С. Ибайдуллаева.    

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: