Бейсенбі, 25 сәуiр, 11:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Балалар апельсиннен жаппай уланып жатқаны рас па?

31.03.2021

1460 0

Ақтөбенің бас дәрігері балалар апельсиннен жаппай уланып жатқаны жайлы желіде тараған ақпараттың жалған екенін мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеде WhatsApp желісі арқылы «балалар жаппай апельсиннен уланды» деген ақпарат тарап кетті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Әлеуметтік желіде тараған хабарламада бейтаныс адам «мандарин, апельсин жемеңдер, Ақтөбеде мандарин, апельсиннен балалар өліп жатыр» деп мәлімдейді. Ол «балалардың ауыз қуысы уылып, жара болып, инфекциялық аурухананың іші науқасқа толды» екеніне де көпішікті сендірмек болады.

Бұл хабарламадағы ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев жоққа шығарды.

«Балаларды емдейтін екі ауруханаға хабарласып, жағдайды білдім. Жаппай уланып, ем іздеп келген бала жоқ. Бұл жалған ақпарат»,- деді Исаев.

Еске салсақ, бұған дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барғанын жазған едік.

Еліміздің бас экологы Ақтөбеде үлкен мәселеге айналған Алға ауданы Бестамақ ауылындағы шошқа фермасына да барды. Министрді шошқа базасының жайын көтеріп жүрген ауыл тұрғындары мен қоғам белсенділері күтіп алды.

Қоғам белсенділері заңсыз жұмыс жасап, өлекселерді айналаға көміп тастаған шаруашылық мәселесін тез арада шешуді сұрады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: