Бейсенбі, 18 шiлде, 14:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Бурабайда демалып жатқан 14 бала астан уланып, ауруханаға түскен

23.06.2024

338 0

Сурет:stan.kz

Ақмола облысындағы Бурабай ауданына демалуға келген 14 бала улану белгілерімен ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Деректерге сүйенсек 22 маусымда сағат 01:00-ден таңғы 06:15-ке дейін аурухананың қабылдау бөліміне жүгінген 14 баланың барлығы 8-17 жас аралығында екен. Балалар «Тұмар Халал» қонақ үйінде тұрған.

“Балаларға жүргізілген сауалнама барысында олардың барлығы 20 маусымда келгені және 22 маусымда кететіні анықталды. Сапардың мақсаты — жеке демалыс. 21 маусым күні таңғы ас ішкеннен кейін (барлық балалар әртүрлі тамақ жеген: қуырылған ет пен картоп, борщ, сырник және т. б.) улану белгілері пайда болған, бірақ балалар кешке қарай ғана медициналық көмекке жүгіне бастаған. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін екі-үш баладан біртіндеп ауруханаға түсе бастады”, — деді “Авицена-Бурабай” ЖШС басшысы Евгений Бекаев. 

Балаларға дереу медициналық көмек көрсетілген. 12 баланың асқазанын жуып, үш балаға инфузиялық терапия жасалды.

Бүкіл 14 баладан сынама алынды. Сондай-ақ, құсуға қарсы инъекция мен антиспазмодик берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: