Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Цой коронавирустың таралуы бойынша болжам жасады

01.03.2021

968 0

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой  2020 жылдың қорытындысы мен 2021 жылғы жоспарға арналған ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында коронавирустың таралуы бойынша болжам жасады. «Қазақстанда жеке вакцина әзірлеушілер, сондай-ақ вакцина өндіруге арналған оқшауланған алаң бар — бұл вакцинамен қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерді барынша азайту және республикамыздағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға айтарлықтай әсер етеді. Осылайша, 2021 жылы біз 6 млн. астам адамды егуді жоспарлап отырмыз», — деді Алексей Цой. Алқа отырысы барысында денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ресейлік «Спутник V» вакцинасы рекордтық мерзімде сатып алынғанын еске салды. Бүгінде ол Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілуде. Отандық тауарды жеткізу бекітілген кестеге сәйкес — биыл 24 ақпанда басталды. Сонымен қатар, биыл сәуір айында ҚР БҒМ ғылым комитетінің биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әзірлеген — отандық «QazCovid-in» вакцинасын қолдану жоспарланған. Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық егуге арналған вакцинаны тасымалдалдағанда салқын жерде сақтау мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдерді әзірледі және бекітті. 2 мыңнан астам медицина қызметкерлері КВИ-ге қарсы вакцинация тактикасы, вакцинацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету бойынша оқытылды. Е-gov mobile «Вакцинация» және «Цифрлық құжаттар» қызметіндегі вакцинация паспорты арқылы егілгендердің есебін жүргізу және иммундық жағдайды бақылау жоспарлануда. Бұл вакцинация көлемін және аурудың болжамын жоспарлауға көмектеседі. Вакцинацияның қолда бар нәтижелерін ескере отырып, осы жылдың екінші жартыжылдығына дейін эпидемиологиялық жағдайға болжам жасалды. Министр оптимистік және шынайы болжамға сәйкес жаппай маска режимі, сондай-ақ әлеуметтік арақашықтық сақтау нәтижесінде елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталады және қатаң карантиндік шектеуге вакцинация ғана балама болатынын атап өтті. «Бүкіл әлем вакцинация ғана қалыпты өмірге карантинсіз оралуға мүмкіндік беретінін түсінді. Осыған байланысты өңірлер иммунопрофилактика бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет», — деді Алексей Цой. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылғы 1 ақпанда басталды.


Мәлімет көзі: Jasqazaq.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: