Сенбі, 20 сәуiр, 08:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Covid-19: Бір тәулікте 746 адам емделіп шықты

27.02.2021

1185 0


Жұмадағы дерек бойынша Қазақстанда бір тәулікте 746 адам коронавирустан емделіп шықты. Оның ішінде Қызылорда облысында емделіп шыққандар саны – 16
Жалпы еліміз бойынша коронавирус індетінен емделіп шыққан адамдар 195121-ге жетті.

Алайда coronavirus2020.kz сайты 25 ақпан, сағат 23.59-дағы дерек бойынша ПТР арқылы коронавирус індеті расталған 855 адам тіркелгенін хабарлады. Оның ішінде Қызылорда өңірінде 8 адам КВИ жұқтырған. Осылайша ел бойынша вирус жұқтырғандардың саны 211212 адамға жетті. Одан бөлек, 24 ақпандағы дерекке сүйенсек, коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 51 жағдайы және 1 өлім тіркелген, оған қоса 212 өкпе ауруына жазылып шыққан. Жалпы осы кезге дейін елімізде 49172 адам пневномиямен ауырса, оның 620-сы қайтыс болған. 41633 адам жазылып шыққан.
Сонымен қатар ҚР Денсауық сақтау министрлігі елде вируспен ауырып жатқан науқастардың хал-жағдайы туралы мәліметті жариялады. 26 ақпанда жарияланған ақпарат бойынша 20277 науқас (13358 КВИ+ және 6919 КВИ–) ем қабылдауда. 4452 пациент стационарда, ал 15825 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Оның ішінде 254 адамның жағдайы ауыр, 53 пациенттің жағдайы өте ауыр делінген. Министрлік 41 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғанын айтты.
Өңірде 22 ақпанда «Cпутник V» коронавирусқа қарсы вакцинасының екінші дозасын егу науқаны басталды. Үш күн ішінде 315 қызылордалық вакцина салдырған. Яғни 22 ақпанда – 90 адам, 23 ақпанда – 150 және 24 ақпанда – 75 адам екпе салдырды. Аймаққа әкелген вакцинаның екінші компоненті 1000 дана.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бірінші кезеңде екпе 939 медицина қызметкеріне, қалғаны жергілікті тұрғындарға егілген. Алғашқы 1-17 ақпан аралығындағы кезеңде жүргізілген екпе науқанында вакцинацияланғандар енді кезегі келгенде екінші дозаны салдырады.
Естеріңізде болса, Қызылордада вакцинаны алғашқылардың бірі болып аймақтың бас дәрігері Сәбит Пазылов салдырған еді. «Өзім ерікті түрде ақпанның бірінде алғашқылардың бірі болып екпені салдырдым. 21 күн уақыт өтсе де екпенің еш кері әсерін байқамадым. Сол себепті бүгін екпенің екінші кезеңінен өттім», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: