Жұма, 26 сәуiр, 19:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Д.Жанабергенова: Жаңарған Конституция – жаңа дәуір бастауы

19.08.2022

779 0

Мемлекетімізді демократиялық, зайырлы және құқықты ел ретінде айқындайтын басты құжат – Конституция. Ата Заң барлық құжаттардың қайнар көзі, бастауы болып табылады. Кез келген мемлекеттік орган, мекеме, ұйым өзінің қызметінде Конституцияны басшылыққа ала отырып, өз қызметтерін жүзеге асырады.
Конституция біз үшін алдағы уақытта да өзіміздің биік мақсатымыз – мемлекеттің әлеуметтік жағдайын көтеретін, азаматтардың дәулетті және заманға лайықты өмір сүруіне барлық жағдай жасайтын, тәуелсіз еліміздің өркениетті мемлекет болу жолындағы ілгері басуымызды реттейтін басты бағдаршам. Конституцияда мемлекеттік биліктің барлық құрылымдарынан бастап, елдің әрбір азаматының, онда мекендейтін ұлттар мен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Сондай-ақ, мемлекет өміріндегі бетке алған үдерістер де осы Конституция арқылы реттеледі.
Конституцияның 1-бабында мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген. Сонымен қатар, азаматтың жеке бостандығы, конституциялық құқықтары бекітілген.
Ағымдағы жылдың маусымында өткен референдумда саналы азаматтық таңдау жасау арқылы Конституциялық реформа жасалды. Осылайша жалпыұлттық референдумда қабылданған Ата заңға өзгерістер енгізілді. Ата заңның үштен бір бөлігі, 33 бабы қайта жазылды. Бас құжаттың жаңғыруы ел азаматтарының жеке бас құқығынан бастап мемлекеттің саяси басқару жүйесіне дейінгі тармақты қамтиды. Халық үніне құлақ асатын мемлекет болу тұжырымдамасын табысты іске асыруды көздейді.
Президент Жаңа Қазақстанды құру үшін жасаған бұл нақты әрі әділ қадамдарды жүзеге асыруда халықтың бірлігі аса қажет екенін тілге тиек етті. Расымен де «саусақ бірікпей, ине ілікпейтіні» сынды, Жаңа Қазақстанды құруда бізге бірлікті ту етудің маңызы зор.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының
санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: