Жұма, 03 мамыр, 19:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Дәрігер парацетамолдың өлімге әкелетінін айтты

27.10.2023

500 0

Қазір Қазақстанның кез келген дәріханасынан «парацетамолды» оңай табуға болады. Басқа дәрі-дәрмектер сияқты бұл дәрінің де ағзаға жанама әсері бар. Дәрігер Дебора Лидің айтуынша, парацетамолды қабылдайтын кейбір адамдардың ішек жұмысында өзгеріс болуы мүмкін, – деп хабарлайды express.co

Маман мәліметінше, танымал дәрінің жанама әсері болып саналатын диарея мен іш қату препаратты қолданушылардың 1-10 пайызында кездеседі. 

«Сонымен қатар, пайдаланушылар іштің ауруы, жүрек айнуы, құсу және асқазанның бүруіне шағымданады», – деді дәрігер.

Бір қуантарлығы, рұқсат етілген доза сақталған жағдайда, парацетамол жанама әсерді сирек тудырады. Білмеген болсаңыз, стандартты порция 24 сағат ішінде 500 мг парацетамолдың 1 немесе 2 таблеткасын ішуге болады.

Дәрігер аурудың бетін тезірек қайтару үшін бірнеше таблетканы бірден ішу өте қауіпті, деп ескертті.

«Бірнеше артық таблетка тіпті өлімге әкелуі мүмкін», – дейді Дебора Ли.

Егер сіз дәріні тым көп қабылдасаңыз, сізде бауыр жеткіліксіздігі пайда болуы мүмкін, ал бұл дәретханада сезілетін мәселеге алып келеді.

Балшық түсті нәжіс

Дәрігер парацетамолдың артық дозасы теріні және көздің ағын сарғайтуы мүмкін екенін түсіндірді. Оған қоса, ол түсі балшыққа ұқсайтын ашық, сұр не ақ болып көрінетін нәжіске де әсер етеді. Дәрігер мұндай белгілер әдетте парацетамолдың дозасы артық қабылданғаннан кейін бірнеше күн ішінде пайда болатынын айтты.

Қара түсті нәжіс

Екінші, парацетамолға қатысты тағы бір мәселе – мелена.

«Мелена – сирек болса да, парацетамолды үнемі қолданатындарда байқалатын қара, шайырлы нәжіс. Нәжіске асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігінде (әдетте өңеш немесе асқазанда) пайда болатын қан араласады, қызыл қан ішек арқылы өткенде өзіне тән қара түске өзгеретіндіктен, нәжіс қара болып көрінеді», – деді маман.

Дәрігер егер танымал ауырсынуды басатын дәрі қабылдаған кезде ішектің жұмысындағы өзгерістерді байқасаңыз, оны қабылдауды тоқтатуыңыз керек, деп кеңес берді.

«Егер нәжістің түсі қара болса немесе қызыл қанды көрсеңіз, бұл туралы дереу дәрігерге хабарлаңыз. Себебі мелена шұғыл медициналық көмекті қажет етеді», – деп ұсынды ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: