Сенбі, 20 сәуiр, 21:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Есірткісіз өмір ғажайып!

04.11.2021

1477 0

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ

Тарапынан жарияланған байқауға

Қазақ елінің ертеңі, болашағы жастарға сенім артуда. Елдің болашақтағы бағыты- салауатты өмір салтын ұстану. Біз «Мәңгілік Ел» идеясының іргетасын қалауға ат салысуымыз қажет. Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жастарымыз бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білуі тиіс.
Н. Ә. Назарбаев «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасында халықтың денсаулығын нығайту- мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын мәселесі екендігін атап кеткені баршамызға мәлім. Сондай-ақ «Қазақстан-2030» бағдарламасында Қазақ азаматтарының салауатты өмір салтын ұстануына қол жеткізу үшін негізгі үш бағытты атап өткен болатын. Оларға тоқтала кететін болсақ: бірінші бағыты «Темекі шегуді тоқтату», екінші бағыты» Маскүнемділік пен араққа қарсы күрес» және үшінші бағытына келсек, «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес» деп өз сөзінде айта өткен болатын. Дегенмен де, қазіргі жасөспірімдер арасында осы зиянды заттарды пайдалануға деген, әуестігі басым болып жатыр.
Өмір деген адамның осы дүниені сан қырлы жақтарынан тануы, білуі деп түсінемін. Сәби болып дүие есігін ашқаннан бастап, қартаям дегенше, өмірдің ағы мен қарасын басынан кешіреді. Әр адамзат баласының өмірге деген көзқарасы әртүрлі. Өмір өз қиындықтарымен ерекше. Кез келген адам қателеседі. Қателік жіберген соң одан ой түзеді. Біз «жаман адам»,»күнаһар» деп бақытсыздыққа ұшыраған адамдар өзінің ішіндегі жағдайға ақиқат тұрғысынан мән беріп, дұрыс қарамайды. Сондықтан ондай жандар «өмір дұрыс емес» деген шарасыздыққа сенеді де, шын өмірмен байланысын жоғалтып алады. Ең бастысы, адам жіберген қателіктерін қайталамау керек. Осы бір көп жеткіншектердің жіберетін басты қателегі-есірткіге қызығушылығы. Барлық адамда «неге жастар есірткіге құмар? деген сұрақ жиі туындайды. Оның себебін мен былай түсінемін: Жасөспірімдер әр нәрсеге еліктегіш, аса аңғалдау болып келеді. Бәрін көріп, сезінгісі, білгісі келеді. Көп жеткіншектер бір рет қана көрем деген оймен, өзінің қалай тәуелді болып қалғанын аңғармай қалады. Есірткіні қолданушылардың басым бөлігі – мектеп оқушылары. Себебі, бұл кезде оқушылар өтпелі кезеңде болады. Олардың өмірінде неше түрлі қиын жайттар да орын алып жатады. Соның әсерінен олар есірткіні қолданып көруі мүмкін. Баршаңызға мәлім, есірткі-адам өміріндегі ең қауіпті зат. Адам баласының денсаулығын улап, неше түрлі дертке әке соғады.»Дерт көп, денсаулық біреу» демекші, деніміз сау кезінде оны улы заттармен құртсақ, неше түрлі дертке душар болғызады. Сонда ойланып қарайтын болсақ, адам өз ағзасын, өзі құртады. Қымбат есірткілерді сатып алу арқылы, өз денсаулығын құртуға ақша жұмсайды.
Бүкіл әлемге, адамзат баласын құртуға шақ қалған, есірткілерге неге дәрменіміз жетер емес? Адамзат баласының басына түскен дертіне айналған есірткі, қазақ халқына келіп түскені қай заман. Неліктен бүкіл әлем бұл зиянды заттарға төтеп бере алмайды? Кейбір адамдар, өмір сүруге деген құштарлығы жоғалса, өміріндегі мәселелердің болуының кесірінен есірткіге тәуелді болып қалуы қоғамда өте көп орын алып жатады. Баршаңызға мәлім, бұлардың түбінде өлім жатқандықтан, бұл есірткілердің соңы жақсылыққа апармайды. Сіз қаншалықты көп қолдансаңыз, соңында арты өлімге әкеп соғады.
Әр адамзат баласы өз денсаулығын нығайту мақсатында, салауатты өмір салтын ұстанса неғұрлым жақсы болар еді. «Бірінші байлық-денсаулық» деген ұлағатты сөз бекерден-бекер айтылмаған. Балалар мен жасөспірімдер салауатты өмір салтын насихаттап, оның өмірге деген көзқарасы оңынан болуын, айналасындағы жақын жақындары, әсер етеді деп ойлаймын. «Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі» деген сөздің мағынасы зор. Қазіргі таңда халықтық өсімі төмендеп жатыр. Әсіресе жастардың денсаулығы қауіп тудырады. Темекі шегу, ішімдікке салыну, араққа берілу деген секілді зиянды заттарға тәуелділік және әуестік адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Кез келген елдің болашағы-оның халқының денсаулығына байланысты. Егемен елдің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса, жетер шыңдары көп болады. Ал бүкіл қазақтың болашақтағы бағдары- салауатты өмір салтын ұстану. Егерде өзіңе ұнайтын іспен айналыссаң, сенің ойың сол нәрсеге бөлінеді де, есірткіні ойлауға уақытын болмайды. Есірткісіз өмір өте керемет. Өз өзімізге ауру іздегенше ауырмайтын жол іздейік халқым!
Өз ойымның қортындысына келетін болсақ, есірткінің қауіпті екенін,оның арты жақсылыққа апармайтыны бәріне Ой мәлім. Еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып нашақорлыққа төтеп беруіміз керек.Мен есірткіні қолдануға ағылды-тегілді қарсымын. Өз бойымызды темекіден, ішімдіктер және тағы да басқа улы заттарды қолданбасақ өзімізге де жақсы болар еді. Денсаулық- басты байлығымыз. Осы баға жетпес қымбат байлығынды зиянды әрекеттерді қалпына келуі екі талай. Сол себептен есірткіні пайдаланабасақ өміріміз неғұрлым жақсы болатынын түсінген шығармыз.

Жетес Гүлжайна,

Қызылорда облысы,

Абай атындағы ДБА мектеп

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: