Бейсенбі, 02 мамыр, 05:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Лейшманиоз ауруының алдын алу жолдары

22.11.2023

589 0

Лейшманиоз ауруының алдын алу жолдары

Лейшманиоз — трансмиссивті жолмен тарайтын, висцералды және терілік клиникалық түрінде өтетін зоонозды тропикалық паразитарлы инфекция. Бұл Азия, Африка, Латын Америка және Оңтүстік Европаның тропикалық аймақтарында кең тараған ауру. Бұрынғы Кеңес одағы елдері ішінде лейшманиоз Түркменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстанның оңтүстік аймақтарында және Грузия мен  Арменияда тіркелген.

         Лейшманиоздар тері лейшманиозы (теріні зақымдайды) және висцералды лейшманиоз (ішкі мүшелерді зақымдайды) деп екіге бөлінеді.

          Қызылорда облысында 2023 жылдың 9 айында лейшманиозды жұқтыру  жағдайы тіркелген жоқ.  Өткен жылдың дәл осы мерзімінде 4 дерек анықталған болатын.

          Висцералды, тері лейшманиоздардың табиғаттағы сақтаушы көзі әрі таратушысы москиттер болып табылады. Өзен суының тасуы, көктемгі мезгілде жер асты суларының жоғары көтерілуі, жағажайларды су басуы, көлшіктердің көбеюі москиттердің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай тудырады. Сондай-ақ висцералды, тері лейшманиоз ауруының табиғи резервуарлары болып табылатын егесіз иттер мен мысықтар, жабайы жыртқыш аңдар да қауіп төндіреді.

Негізгі профилактикалық шара – қауіпті жәндіктер шағуының алдын алу, егесіз ит-мысықтардан аулақ болу. Терезелерді маса өтпейтін тормен қаптау, арнайы қорғаныш киімдерін кию қажет. Орналасқан жеріне байланысты үй жануарлары мен ауру тасымалдаушы малмен күресу де оң әсер етеді. Қалалар мен тұрғын үй жертөлелері, кәріздердің тазалығы, уақытылы қоқыстан тазалауды ұйымдастыру, полигондарды үнемі шығару және санитариялық шараларды өткізу халық арасында сырқаттанушылықтың таралуының алдын алуда ықпал етеді. Осы факторлардың жиынтығы адамдар арасында лейшманиозбен ғана емес, сонымен қатар қауіпті және басқа да көптеген аурумен сырқаттанушылықты төмендетуге мүмкіндік береді.

Динара Жанабергенова,

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысы

Басқа да жаңалықтарды білгіңіз келсе, біздің Telegram-арнамызға жазылыңыз!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: