Жұма, 19 шiлде, 11:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Менингит: негізгі белгілері мен алдын алу жолдары

04.10.2023

1464 0

Менингит – бас миы қабықтарының серозды қабыну түрi бойынша өтетiн және вирусты инфекция тудыратын қабынуы. Қоздырғышы граммтеріс диплококк, менингококк.

Менингиттің қоздырғышы тыныс алу, жөтелу кезінде,сөйлегенде және түшкіргенде ауа арқылы таралады. Осылайша, кеңсірікке түскен менингококк жұлынға, қан айналым жүйесіне еніп кетеді. Осы науқасқа шалдыққан адам менингитті таратудың бірден-бір көзі болып табылады.

Негізгі белгілері

Ауру жұқтырғаннан кейін 2-10 тәулік аралығында инкубациялық кезең басталады. Менингиттің тұрақты және негізгі белгілері: бастың ауыруы, лоқсып құсу, ауыздың құрғауы, дене қызуының көтерілуі, өңнің бозаруы, дауыстың қарлығуы, науқастың денесінде қызғылт түсті бөртпенбелгің пайда болуы. Егер бөртпе бір күн ішінде қайта жойылса, микробтар қанға түсті деген сөз. Мойынның қозғалуы қиындайды, науқас шатасып сөйлей бастайды, есінен танады. Ішкен тамағын құсады, тахикардия басталады.

Менингит, әсіресе кеш емделген менингит ауыр салдарға: керең болып қалуға, эпилепсияға, гидроцефалияға және балалардың ақыл-ой қабілетінің дамуындағы проблемаларға, сондай-ақ өлімге әкелуі мүмкін.

Менингит жиі байқалатын айлар- бұл күз бен қыс айлары.

Профилактика

Спецификалық профилактика – бұл вакцинациялау.

Вакцинациялау менингитке әкелетін бірқатар аурулардың алдын алады. Бұл ауруға қарсы екпені әдетте, ерте жастағы балаларға салады.

Спецификалық емес профилактика

– Иммунитетті жоғарылату, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, уақытылы ұйықтау және т.б.

– Ғимараттарды жиі желдетіп, ұжымдық орындарда ылғалды тазарту жүргізу.

– Созылмалы және жедел жұқпалы ауруларды уақтылы емдеу.

– Түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларға, жүзу бассейндері, сауда ойын-сауық орталық­та­рындағы ойын алаңдарына баруды шектеу. Жеке бас гигиенасын сақтау қажет. Қолды әрдайым таза ұстау керек, кез келген азық-түлікті пайдаланардан бұрын жақсылап жуу қажет.

Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде катаралдық құбылыстар (тамақтың қызаруы, дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, әлсіздік) байқалады. Тез арада дәрігерге көріну керек және оның барлық ұсыныстарын орындаған дұрыс.

Әлия Әбдіқайымова

Қызылорда облысының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті

басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: