Жексенбі, 21 сәуiр, 01:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қауіпсіз биологиялық белсенді қоспаны қалай таңдау керек?

05.02.2024

399 0

Фото: 366.ru

Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі бұқаралық ақпарат құралдарын, интернет-ресурстарды, әлеуметтік желілерді күнделікті бақылау арқылы мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (МТК) болуы бөлігінде тағамға биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) айналымын бақылауды қамтамасыз етеді.
ББҚ мамандандырылған азық-түлік өнімдеріне жатады және дәрілік зат болып табылмайды. Азық-түлік өнімі ретінде ББҚ Еуразиялық экономикалық одақтың «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (ЕАЭО ТР 021/2011) және «Тамақ өнімдерін таңбалауға қатысты» (ЕАЭО ТР 022/2011) техникалық регламенттерінде белгіленген қауіпсіздіктің гигиеналық талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Ішкі нарықта тұтынушыға сату үшін ұсынылған барлық ББҚ-лар қауіпсіз болуы тиіс, оның дәлелі мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуы болып табылады. Осыған байланысты, барлық ББҚ-ларды әкелу және өткізу Еуразиялық экономикалық одақтың Мамандандырылған тамақ өнімдерінің бірыңғай тізілімінде тіркелген МТК болған кезде жүзеге асырылуы тиіс.
Тұтынушылар денсаулықты жақсарту немесе күнделікті тағамды табиғи немесе табиғи биологиялық белсенді заттармен қанықтыру мақсатында ББҚ-ларды кеңінен қолданады. Осыған байланысты тұтынушыларға ББҚ-ны сатып алғанға дейін тексеруге, тіркеу құжаттарының болуына назар аударуға кеңес береміз, Кеден одағының сайтында МТК-нің Бірыңғай тізілімде тіркелгенін тексеруді ұсынамыз. Себебі мемлекеттік тіркеуден өтпеген ББҚ-ны өткізу адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін қауіпті!
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен тағамға биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалау туралы заңнаманың сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асыру алгоритмі бойынша 2023 жылы әлеуметтік желілердегі 123 парақшаға мониторинг жүргізіліп, 63 жарнама парақшасына ұсыным берілді. Бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарды орындамаған 6 субъектінің құжаттары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілер, интернет-басылымдар және т.б. жұмысын тоқтата тұру (бұғаттау) үшін Комитетке жолданды. Бұдан бөлек, 28 субъект ББҚ жарнамалауды тоқтатты.

Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялы

қ бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: