Жексенбі, 19 мамыр, 16:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында кәсіптік аурулар тіркелген жоқ

23.01.2024

281 0

Сурет: kazexprom.kz

2023 жылы Қызылорда облысында кәсіптік аурулар мен улану жағдайлары орын алған жоқ.

Өткен жылы санитариялық қадағалау өнеркәсіп пен ауылшаруашылық, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерліктің жеке кәсіпорындары бойынша 420 нысанға жүргізілді, оның 158-і эпидемиологиялық мәні жоғары объектілер. Аталған объектілерде барлығы 14750 адам жұмыс жасайды, оның ішінде 87,5%зиянды еңбек жағдайларында қызмет етеді. Кәсіпорын цехтарындағы негізгі өндірістік зиянды жағдайлар – жұмыс орындарындағы қолайсыз микроклимат, шектен тыс газдың бөлінуі, шу, вибрация, ал ауылшаруашылық саласында бұл аталғандардан бөлек улы химикаттар, тыңайтқыштар мен өзге де жағымсыз факторлар қосылады.

Өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары қызметкерлердің еңбекке қабілеттілігін уақытша жоғалту жағдайларына талдау жүргізді. Бұл ретте, 100 жұмысшыға шаққандағы сырқаттанушылықтың ең жоғары көрсеткіші Қызылорда қаласында байқалады-61,1%.  100 жұмысшыға шаққанда сырқаттанушылықтың ең төмен көрсеткіші Сырдария ауданына тиесілі-2,1%.Сырқаттанушылықты талдау және қызметкерлерді сауықтыру бойынша жасалған іс-шаралар жоспары негізінде олардың барлығы қала, аудан емханаларында диспансерлік есепке алынды.

Сырқаттанушылықтың басым бөлігін ЛОР аурулары құрайды-30%, одан кейін жүрек-қан тамыр аурулары-20%, тыныс жолдары аурулары-20%,  тірек-қимыл аппараты аурулары-10%, несеп-жыныс жүйесі 10%, жіті респираторлы аурулар-5%, ас қорыту органдары-5%. 

Тыныс алу органдары ауруларының таралуы –  жұмыс аймағы ауасының шаң-тозаңдануы мен газдануы, құрғақ климатқа байланысты  ауаның жоғары шаңдануы себеп деп болжанады. 

     2023 жылы нысандарға ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізілген жоқ. Жоспардан тыс жүргізілген тексерулер барысында электро-магниттік өріске барлығы 15 жұмыс орны тексеріліп, 3 сәйкессіздік анықталды, яғни шекті рұқсат етілген деңгейден (ШРД) жоғары болды. Шуға 39 жұмыс орны тексеріліп, ШРД бойынша 11 сәйкессіздік анықталды. Вибрацияға 7 жұмыс орны тексеріліп, сәйкессіздік орын алған жоқ. 216 жұмыс орны микроклиматқа тексерілді, 108-і ШРД-ге сай болмай шықты. 118 жұмыс орны жарық деңгейі бойынша тексерілді, нәтижесінде 76 сәйкессіздік тіркелді. Тексеру қорытындысымен 2 санитариялық ұйғарым беріліп, 2 әкімшілік айыппұл салынып, бүгінгі таңда өндірілді. 

Ерлан Ұзақбаев

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: