Сәрсенбі, 22 мамыр, 05:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40-2050
21.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылша ауруының аймақтағы ахуалы қандай?

16.12.2023

414 0

Жақында АҚШ-тың ауруларды бақылау орталығы қызылша ауруын жұқтыру дерегі бойынша әлемдік көрсеткішті жариялады. Онда Қазақстан 3 орынға тұрақтаған.

Аталған орталықтың мәліметіне сүйенсек, елімізде мамыр мен қазан айына дейін қызылша ауруын жұқтырудың 12985 дерегі тіркеліпті. Ал бүгінгі күні елдегі қызылша жұқтыру көрсеткіші 20 мыңнан асқан. Аймақтағы ахуал қандай?

Облыстық санитариялық-эпиде­миологиялық бақылау департаменті берген мәліметке сүйенсек, жыл басынан бері аймақта лабораториялық зерттеу нәтижесімен қызылша ауруының 11314 жағдайы тіркелген. Оның ішінде мыңнан астамы 14 жасқа дейінгі балалар.

Эпидемиолог мамандар ауру жұқ­тырғандардың көбі қызылшаға қарсы екпе алмағандарын айтады. Яғни екпе салдырудан бас тартқандардың 80 пайызы бүгінде қызылша ауруымен күресуде.

– ҚР Үкіметімен бекітілген Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы екпе баланың 12-15 айлығында және 6 жасында салынады. Бүгінгі күні аурудың өсуіне байланысты қосымша екпе науқаны енгізіліп отыр.

Аурудан сақтанудың басты жолы ретінде тиісті контингенттер арасында қосымша жаппай иммундау  шарасы жүргізілуде.

Қараша айынан бастап

28088 адам қызылшаға қарсы екпе алды. Иммундау шарасы әлі де жалғасуда. Біз өз тарапымыздан барша тұрғындарды әсіресе ата-аналарды өз балаларын ауруға қарсы вакцинациялауға шақырамыз, – дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Айдана СЕЙІЛ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: