Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 14:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

«Sputnik V» вакцинасынан 15 адамның көз жұмғаны рас па: Министрлік жауап берді

25.02.2021

1404 0

Әлемдік БАҚ-та ресейлік «Sputnik V» вакцинасын салдырғаннан кейін 15 адамның көз жұмғаны туралы мақала жарияланды. Дерек көздері қайтыс болған науқастардың өлім себебі басқа екенін жазған. Осы орайда еліміздің министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды «Астана» арнасы.

Еліміздің министрлік өкілдері ақпаратты түбегейлі жоққа шығарды.

«Вакцина шығараушы компанияларының тарапынан біздің министрлікке ресми түрде осы вакцинаға қатысы бар өлім-жітім тіркелгені туралы ақпарат келіп түскен жоқ», – дейді ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Нұршай Әзімбаева.

Одан бөлек, енді 65 жастан адамдарға дәрі салуға рұқсат етілгені және 1 наурыздан бастап коронавирустың «жасыл» және «сары аймағына» енген облыстарда карантин жеңілдетілетіні белгілі болып отыр.

Адам санын шектей отырып, ойын-сауық орталықтардың, цирк, бильярд клубтардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Ал, базарлары жексенбі күні де ашық болады. Сонымен бірге, комиссия мүшелері бірнеше халықаралық рейстерді қалпына келтіру туралы шешім қабылдапты.

Сол арада елдің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов министрлер мен депутаттар КВИ-ға қарсы вакцинаны қашан қабылдайтынын айтып берді.

«Бұл адамдар мемлекеттік қызметкерлердің санатындағы вакцинациялауға кіреді. Қазіргі таңда медициналық қызметкерлерге екпе салынды. Енді педагогтар мен тәртіп сақшыларына, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге вакцинация жасалады. Бұл наурыздың соңы мен сәуірдің басына тура келеді деп ойлаймыз», – дейді Ерлан Қиясов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: