Сенбі, 27 сәуiр, 12:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Талапқа сай болмаған өнімдер сатылымнан алынды

21.02.2023

460 0

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен 2022 жылы өнімдердің 2050 сынамасы сараптамаға алынды. Сынамалардың басым бөлігі, яғни  70% – тағам өнімдері. Сондай-ақ отандық өнімдер үлесі – 22%, Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдерде өнірілген өнімдер- 62%  және өзге елдерде өндірілгендері- 16% құрады.

Жүргізілген сараптамалар нәтижесімен 146 сынамадан сәйкессіздік анықталды. Атап айтқанда,  микробиологиялық көрсеткіштері бойынша-16, физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша-9,  қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша-6 және таңбалануы бойынша 115 сәйкессіздік. Сәйкессіздіктер анықталған тамақ өнімдерінің ішінде басым бөлігі құс еті, ет өнімдері мен алкогольсіз сусындар, кондитерлік өнімдердің үлесінде.

Кеден Одағы техникалық регламенттер талаптарына сай келмеген өнімдер бойынша 60 сауда объектісіне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзуды жою жөніндегі нұсқамалар берілді. Сәйкессіздік анықталған отандық өнімдер бойынша өндірушілерге тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы хабарламалар жіберілді

Тексерулер нәтижесімен Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабы 1-бөлім бойынша 2 нысанға жалпы көлемі 91890 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеген жалпы құны 19090 теңгені құрайтын 9,62кг тағам  өнімдері сатылымнан алынып тасталды.

Сәйкессіздіктер анықталған өнімдер туралы ақпарат «Сәйкес келмейтін өнімдер тізілімінде» орналастырылған. Кез-келген тұтынушы http://reestr-np.kz/kaz/ сілтемесіне өту арқылы бұл ақпаратпен таныса алады.

Динара Жанабергенова,

Қызылорда облысының

санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: