Тырысқақ (холера) – Vibriocholerae бактериясы қоздыратын жедел жұқпалы ішек ауруы. Ол көбіне лас су немесе бактериямен ластанған тағам арқылы жұғады.
Негізгі белгілері:
- Кенеттен басталатын көп мөлшердегі сұйық іш өту.
- Құсу.
- Шөлдеу.
- Сусыздану (ауыздың кебуі, әлсіздік, көздің шүңіреюі, зәрдің азаюы).
- Ауыр жағдайда қан қысымының төмендеуі және естен тану болуы мүмкін.
Қалай жұғады?
- Ластанған ауызсуын ішу.
- Ластанған тағамды жеу.
- Жеке бас гигиенасын сақтамау.
Емі: Ең бастысы – жоғалған сұйықтық пен тұздарды қалпына келтіру (ауыз арқылы регидратациялық ерітінділер немесе қажет болса көктамыр арқылы сұйықтық беру).
- Кейбір жағдайларда дәрігер антибиотиктер тағайындауы мүмкін.
Тырысқақ (холера) ауруының алдын алу үшін мына шараларды сақтау маңызды:
- Тек қайнатылған немесе қауіпсіз ауызсуды пайдалану.
- Қолды сабынмен жиі жуу, әсіресе дәретханадан кейін және тамақ ішер алдында.
- Жеміс-жидек пен көкөністі мұқият жуу.
- Тамақты толық пісіріп жеу, дайын тағамды дұрыс сақтау.
- Ашық су көздерінен алынған суды ішпеу.
- Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, дәретхананы таза ұстау.
- Науқас адаммен байланыста болғанда жеке қорғаныс шараларын сақтау.
- Тырысқақ жиі таралатын аймақтарға баратын адамдарға кейбір жағдайларда вакцина ұсынылуы мүмкін.
Егер қатты іш өту, құсу және сусыздану белгілері пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Ерте емдеу аурудың асқынуының алдын алуға көмектеседі.Уақытылы емделсе, тырысқақтан толық сауығуға болады. Емделмеген жағдайда ауыр сусыздану өмірге қауіп төндіруі мүмкін.
Ф.РСАЛИЕВА,
Қызылорда обаға қарсы күрес
станциясының зертхана меңгерушісі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!