Жексенбі, 28 сәуiр, 02:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Вакцинация бірқатар аурулар көрсеткішін төмендетті

08.02.2024

318 0

Фото: ашық дереккөзден

Вакцинация-жұқпалы аурулардан қорғанудың ең тиімді әрі сенімді жолы. Профилактикалық екпелермен жоғары деңгейде қамту ұжымдық иммунитет қалыптастыруға ықпал етеді, осылайша иммунизация жұқпалы аурулардан қорғап қана қоймай, жалпы қоғам денсаулығына оң әсер етеді. Бірқатар жұқпалы инфекциялардан болатын аурулар мен өлім жағдайларын едәуір азайтады.

Қызылорда облысы бойынша 2023 жылы дүниеге келген нәрестелердің 97,2% «В» вирусты гепатиті ауруына қарсы алғашқы егумен перзентханада қамтылды. Денсаулық жағдайына байланысты уақытша және тұрақты  медициналық шегіністер алған 540 баланың 104-і тұрғылықты мекен-жайы бойынша жергілікті емханаларда егілді. Құрөзек, сірісіпе, көкжөтел, гемофильді инфекция, ВГВ және полиомиелит ауруларына қарсы облыс бойынша 17258 бала егілген, 1жасқа дейінгі мақсатты топтағы балаға шаққанда қамту көрсеткіші 97,1% құрады.

Балалардың 1 жасында жүргізілетін алдын ала екпелердің ішінде, атап айтқанда, қызылша, қызамық, эпидпаротит ауруларына қарсы алғашқы егу жалпы облыс бойынша 102,4 пайызда қамтылды.  

Профилактикалық екпелер арнайы дайындықтан өткен мейіргерлермен мамандандырылған егу кабинеттерінде жүргізіледі. Бүгінгі таңда Қызылорда облысында 216 екпе кабинеті жұмылдырылған. Алыс орналасқан елді мекендерде егу жұмыстары 43 жылжымалы егу бригадасымен  жүзеге асырылады. Егуден кейін асқыну жағдайлары тіркелген жоқ.

2023 жылы аймақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары тарапынан иммунопрофилактика жұмысына 68 тексеріс жүргізілді. Тексерулер нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша 17 айыппұл салынды.

Тұрғындардың вакцинацияға деген оң көзқарастарын қалыптастыру мақсатында санритариялық-эпидемиологиялық ағарту шаралары тұрақты жүргізіледі. Халық арасында профилактикалық екпелерге жеке сенімсіздіктің және діни көзқарастың салдарынан профилактикалық егулерден бас тартушылар саны 2023 жылы 372 болды, дегенмен тұрғындар арасында иммунизацияның тиімділігі жөнінде белсенді жүргізілетін түсіндірме жұмыстарының арақасында 77 ата-ана өз ойын өзгертіп, тиісті егулермен қамтамасыз етілді.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: