Сенбі, 27 сәуiр, 05:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Биыл өңірде 2 құс фабрикасы іске қосылмақ

10.02.2022

1328 0

Облыста құс етін тұтыну қажеттілігі жылына 13,8 мың тоннаны құрайды. Биыл индустрияландыру бағдарламасы аясында 2 құс фабрикасы іске қосылады. Бұл жобалар толық қуатта жұмыс жасағанда аймақ қажетілігінің 36,7 пайызын қамтиды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев хабарлады.

-Қармақшы ауданындағы «Қармақшы-құс» фабрикасының құрылысы 95 пайызға аяқталды. Бұл фабриканың жалпы құны – 1,9 млрд.теңгені құрайды. Ал инженерлік инфрақұрылым «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жеткізілді. Қазіргі таңда шет елдерден қондырғылар сатып алу үшін қаржыландыру мәселесі қарастырылуда. Осы мақсатта жоба бастамашысы – «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы несие алуды жоспарлаудамыз. Сондай-ақ, Жаңақорған ауданындағы «Абдулла» шаруа қожалығы құс фермасының жалпы құны – 3,9 млрд.теңге. Жоба өткен жылы өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілді. Бүгінде цех құрылысының 70 пайызы аяқталды. Мемлекеттік қолдау ретінде Жаңақорған ауданынан 1000 га жер телімі берілді, – деді басқарма басшысы Ринат Сұлтангереев.

«Абдулла» шаруа қожалығының құс фермасы жылына 3,5 мың тонна құс етін өндеуге мүмкіндігі бар. Қажетті инженерлік инфрақұрылымдар «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілуде. Жоба толық орындалса 120-150 адамға дейін жұмыспен қамтылады.

-Былтыр мемлекеттік қолдаудың арқасында 3,5 млдр.теңгеден астам несие алып, құс фермасының құрылыс жұмыстарын бастадық. Мамыр айында толық іске қосуды жоспарлаудамыз. Алдағы уақытта құс еті бағытында шаруашылық көлемін ұлғайтып, нарықта өзіміздің өнімдерді қамтамасыз етеміз – деді «Абдулла» шаруа қожалығының төрағасы Әбілхан Тәжімбетов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: