Сәрсенбі, 22 сәуiр, 11:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2241)
21.04.2026
PDF мұрағаты

Өзбекстан Қарақалпақстанды крипто-валюта майнингі үшін арнайы аймақ деп жариялады

22.04.2026

54 0

фото: ашық дереккөзден

Өзбекстанда Bes Qala Mining Valley майнингке арналған арнайы аймақ пайда болады. Ол Қарақалпақстан Республикасының аумағын қамтиды. 17 сәуірде ел президенті тиісті қаулыға қол қойды, – деп хабарлайды  kursiv.media

Арнайы аймақтың қызметін ұйымдастыру үшін Bes Qala Mining Valley дирекциясы құрылады, ол резиденттерді есепке алумен айналысады. Майнерлерге рұқсат қағаздарын Перспективалы жобалар ұлттық агенттігі (ПЖҰА) беретін болады.

«Майнинг аймағын құру Қарақалпақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және «жасыл» энергетиканы дамытуға бағытталған», деп жазылған агенттік баспасөз хабарламасында.

Bes Qala Mining Valley аясында майнерлерге ортақ энергия жүйесіне қосылуға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, олар жаңартылатын энергия көздерінің барлық түрлерін және сутегі электр станцияларын пайдалана алады.

Басты артықшылықтың бірі – 2035 жылдың 1 қаңтарына дейін резиденттердің майнингке байланысты қызметтен түскен табыстарына салық салынбайды. Өндірілген криптовалюталарды белгіленген тәртіппен жергілікті және шетелдік криптобиржалар арқылы сатуға және айырбастауға болады.

Қазақстанда криптовалюта нарығына ерекше ден қойып отыр. Былтыр көктемде Тоқаев елде криптонарықты дамытуды тапсырған. Бұл қадам елдегі салық түсімін көбейтуге септігін тигізеді деген еді ол. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: