Жұма, 26 сәуiр, 17:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Польшаға зымыран атқан кім?

19.11.2022

326 0

Польшаның Украина шекарасынан 8 ша­қырым жеріне екі зымыран соққысы тиді. Варшава зымыранның кімдікі екені туралы деректер жоқ екенін, бірақ Ресейдің Украина инфрақұрылымына соққылары «күні бойы жалғасқанын» мәлімдеді. Алайда АҚШ Ресейдің зымыраны екеніне күмәнмен қарап отыр. Оқиғаға байланысты «The Wall Street Journal» басылымында Вивиан Саламан «Байден Киевтің «Польшаға зымыранды Ресей ұшырды» деген мәлімдемесін жоққа шығарды» атты мақала жазды.

Бейсенбі күні түнде «Ақ үйдегі» теңіз жаяу әскерінен шыққан соң Байденге Зеленскийдің зымыран украиндық емес екенін айтқаны ескертілді. Сейсенбі күні зымыран құлағаннан кейін көп ұзамай Зеленский «Ресей зымырандары Польшаға тиді» деп мәлімдеген еді. Украина президенті мәлімдемесіне Джо Байден «Бұл дәлелденген жоқ» деп жауап берді.

Бұған байланысты Зеленский оның әскери­лері Польшаға құлаған зымыранның ресейлік екенін хабарлағанын айтты. Сондай-ақ ол егер украиндық зымыран екені дәлелденсе кешірім сұрайтынын айтты.

Сейсенбі күні Польшаға жасалған соққыдан кейін Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымына НАТО-ның жоғары лауазымды шенеуніктері зымыранның Украинаның әуе қорғанысы жүйесі атқылаған кеңестік қару болуы мүмкін екенін айтып, бірақ оның Польшаға әдейі ба­ғытталғанына ешқандай дәлел жоқ екенін мәлімдеді.

Зерттеу әлі де жүргізіліп жатқанымен оқиға НАТО мүшелерінің ұжымдық қорғаныс пактінің 5-бабының бұзылуына әкелуі мүмкін деген қорқынышты азайтты. Байден Польша президенті Анджей Дудамен, Польшаға тергеу жүргізуге көмектесуге уәде берді. Сәрсенбіде Ақ үй өз мәлімдемесінде: «Поляк шенеуніктерінің зымыранды Украина атқаны туралы бастапқы тұжырымын жоққа шығаратын ешқандай дәлел жоқ, бірақ «бұл қайғылы оқиғаға түпкі­лікті түрде Ресей жауапты» деп атап өтті. Мәлім­демеде сондай-ақ «Украинаның өзін-өзі қор­ғауға толық құқығы болды және әлі де бар», – делінген.

Бейсенбі күні Польша президенті кеңсесінің мемлекеттік хатшысы Павел Солох: «Зымыран Ресейден ұшырылмағаны Польша мен бүкіл Еуропа үшін жақсы болар еді, өйткені Еуропаға жауапты соққы жасауға тура келеді», – деп ескертті. Ол сонымен қатар Украина поляк тергеуіне қатысуы екіталай екенін, алайда өз үлесін қоса алатынын айтты.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: