Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 23:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ресей-Украина: инфрақұрылымға шабуыл

27.10.2022

571 0

Украинаның ресми өкілдері Ресей жасаған «теракттің» әсерінен мыңдаған аумақ электр энергиясыз қалғанын мәлімдеді. 7 қазаннан бергі ұйымдастырылған шабуылдың әсерінен елде шамамен 70-тен астам адам көз жұмған. Украинадағы ахуал туралы ВВС арнасында Хьюго Бачега мен Ярослав Луковтің «Украинадағы соғыс: Ресей соққысынан кейін 1162 қала мен ауылда электр энергиясы өшті» тақырыбында мақала жарық көрді.

Украина президенті Владимир Зеленский соңғы сегіз күнде Украинадағы электр станцияларының 30 проценті қирағанын айтты. Сейсенбідегі соққылардың әсерінен Киевтегі кейбір шағын аудан жарықсыз, ауыз сусыз қалған.

Киев мэрі Виталий Кличко Ресей соққысының құрбандарының үшеуі де «өте маңызды инфра­құрылым» жұмысшылары екенін айтып, елордадағы екі нысан зардап шеккенін мәлімдеді. Ел астанасының батысындағы Житомирде электр жарығы мен су үзіліп, Днепрдің оңтүстік-шығысында бір энергетикалық нысан зардап шеккен.

Сейсенбі күні Киевте өткен брифингте 7-18 қазан аралығында энергетикалық нысандарды атқылау салдарынан Украинаның 11 аймағындағы 4000-ға жуық елді мекеннің байланысы үзілгені айтылды. «Қазіргі уақытта энергетика министрлігінің мәліметінше, 1162 елді мекен жарықсыз қалды», − деді елдің төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі.

Ұрыс даласында ауыр жеңілістерге ұшырағаннан кейін Ресей соңғы аптада майдан шебінен алыс қалалардағы электр инфрақұрылымына шабуылды күшейтті.

Президент аппараты жетекшісінің орынбасары Кирилл Тимошенко: «Біріншіден, электр қуатын үнемдеуге барлығы дайын болуы керек, екіншіден, шабуыл жалғаса берсе электр жарығы тұрақты түрде өшуі мүмкін. Сол себептен барлығы қытымыр қысқа дайындалуы керек», − деді. Одан бөлек украиналықтарға жергілікті уақыт бойынша күн сайын 07:00-ден 09:00-ге дейін электр құралдарын қолданбау туралы ескерту жасады. Кейбір қалаларда украиндықтар электр генераторлары мен газ қыздырғыштарын сатып алуда.

Одан бөлек Украинаның мемлекеттік атом энер­гетикалық компаниясы Мәскеуді Запорожьедегі атом электр станциясында екі жоғары лауазымды шенеунікті тұтқынға алды деп айыптады. Еуропадағы ең ірі зауытты Ресей әскерлері басып алса да украиндық қызметкерлері ауыр жағдайда жұмыс істеуді жалғастыруда.

«Біз Ресейдің энергетикалық және азаматтық инфрақұрылымға шабуылдарын күшейтіп, күзге қарай қалалардағы шайқастарды күшейтеді деп күткен едік – дәл солай болды», − деді депутат Леся Василенко ВВС-ге берген сұхбатында.

Сонымен қатар соңғы уақытта зерттеушілер Ресей шетелдік ракеталарды, соның ішінде ирандық қаруды қолданып жатқанын анықтады. АҚШ пен Еуроодақ Ресейге қарулық көмек берген елдер БҰҰ-ның қауіпсіздік келісіміне нұқсан келтіретінін және санкцияға ұшырайтынын мәлімдеді.

Алайда Иран да, Ресей де ешқандай шетелдік ракета қолданылмағанын айтты. Дегенмен Украина­дағы батыс шенеуніктері «Ұшқышсыз ұшақ­тардың Ираннан келгеніне күмән жоқ және Ресейдің электр желісіне шабуыл жасауға тырысып жатқаны анық», − деп мәлімдеді.

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба президент Зеленскийден Тегеранмен дипломатиялық қарым-қатынасты үзуді сұрайтынын айтты. Сондай-ақ ол Израильге әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын тез арада жеткізуге шақыратын ресми хабар жіберілетінін айтты.

Алайда Израиль шенеуніктері әзірге Киевке қару жіберуден тартыншақтап отыр. Ресейдегі қауіпсіздік шенеуніктерінің бірі Дмитрий Медведев Израиль қару жіберсе Мәскеумен қарым-қатынас бұзылатынын ескерткен еді.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: